АКМЕ – тұлғаның дамуының же- тілгендігі және іс-әрекет пен шығар- машылықта едәуір жоғары жетістік- терге жетуімен сипатталатын, оның соматикалық, физиологиялық, пси- хологиялық және әлеуметтік күйі. Бұл күй адамның жасымен байланысты және шамамен 30 жастан 50 жас аралығын қамтиды. Кейбір творчес- тволық тұлғаларда ол әрі қарай да жалғасуы мүмкін. Математика сала- сында ең жоғарғы жетістіктер 30 жас- қа келеді, ал көркем әдебиетте – 50 жастан кейін және т.б. А. күйінен ке- йін адамның организмінде инволю- циялық процестер пайда болады. Бұл олардың кейбір физиологиялық және психологиялық функцияларының әл- сіреуінде, еңбек қабілетінің төменде- уінде және т.б. көрініс табады. Адам жетілуінің жоғарғы шыңы (акме) – оның өмірінің ұзақ уақытын қамти- тын кезеңнен тұратын және әрқашан да оның қаншалықты азамат, белгілі бір іс-әрекет саласының маманы ре- тінде қалыптасуын білдіреді. Сонымен қатар, акме ешқашан тұрақты болып табылмайды, ал ол аз немесе көп ва- риативтілікпен, өзгергіштікпен айрық- шаланады. Антикалық өмірбаяндар- да «акме» деп өмір мен шығармашы- лықтың жоғарғы нүктесін, ең жақсы кезеңін атаған. Қазіргі заманғы ак- меологияны – «гүлдену кезеңі» жөнін- дегі ғылымды – ең алдымен, әртүрлі мамандықтардағы адамдар қай жаста оған жететіні және осы деңгей қан- ша уақыт тұра алатыны қызықтыра- ды. А. басты проблемасы болып та- былатын – ол өмірдің белгілі бір ке- сіндісі емес, ал кез келген кезеңді гүл- дендіре алатын жасампаздың өзінің рухының күйі.