АККОМОДАЦИЯ (лат. ассомоdatio – қаз. көз үйрету (үйрену); көз үйрену). А. – Ж.Пиаженің интеллекттік даму теориясындағы субъекттің сыртқы орта әсерлеріне жауап қайтару тенден- циясының бірін білдіретін ұғым. Жал- пы, индивид сырттан келетін әсерлер- ге екі түрлі, бір-біріне қарама-қарсы үрдіспен – ассимиляция және А. – жауап береді. Егер субъектіде қамти алмаса, онда бұл схемалар қайта құ- рылып, жаңа объектіге қарай бейім- деледі. Сөйтіп, жаңа жауап қату тә- сілі пайда болады. Демек, субъект схе- маларының объектіге төселуі А. деп аталады. Субъект мінез-құлқының әрбір актісінің ұйымдасуын білдіре- тін белгілі бір құрылымның дина- микалық аспектісін адаптация құ- райды. Ол ассимиляция мен аккомо- дацияның арасында тепе-теңдік ор- науынан, осы екі процестің үйлесуі- нен пайда болады. Өсе келе, баланың ақыл-ойы жетіледі. Ол біртіндеп, ті- келей қабылдаудың әсерінен босап, реализмнен объективизмге өтеді. Мұ- ның өзі бала ойлауының эгоцентризм- нен арылуын білдіреді. А. – (Ж.Пиа- же теориясында) қалыптасқан білім- ді, икемділікті және дағдыларды пайда болған жаңа жағдайларға сәй- кестендіріп өзгерту.