АКАЛЬКУЛИЯ

АКАЛЬКУЛИЯ (грек. а – қаз. бекер- леуші сөз бөлшегі + kalculatio – каль- куляция, сан, санау) баланың санды білмей, есептеу амалына қабілетсіз- дігі. Мұндай қабілетсіздік орталық жүйке жүйесінің ауруға ұшырауы себебінен болады. Жүйке қызметін- дегі бұл аурудың ошағы ми жарты шарының сол жақ сыңарындағы тө- белік алаптың желке бөлігінде орналасқан. Қабілетсіздіктің бұл түрі (ми қабығындағы жасушалардың зақымдалуына орай мидың өзге алаптарына жайылуы) кейбір кем- ақыл балаларда байқалады. А. ауруы- на ұшыраған балаларға арнайы әдіс- тер арқылы оқу іс-әрекеттері ұйым- дастырылады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *