АЙТЫС – қазақтың ауыз әдебиетін- де ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолмақол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Осынау халқымыздың ерек- шелігі психологиялық тұрғыдан ізде- се таптырмайтын деректердің бірі. А. психологиялық сипатын тұңғыш рет проф. М.Мұқанов өзінің «Ақыл- ой өрісі» (Алматы, 1980) кітабын- да талдауға алған. 2005 жылы проф. С.Бердібаева «Қазақ айтысының пси- хологиялық мәселелері» атты доктор- лық диссертация қорғады. Осы зерт- теушілердің айтуынша А. көшпелі ха- лықтардың, әсіресе қазақ халқының ойлау және сөйлеу ерекшелігін, мі- незі мен темпераментін, ішкі жан- дүниесін, ерік-жігер, қажыр-қайра- тын көрсететін қайталанбас психо- логиялық құбылыс екендігін нақты деректер келтіру арқылы дәлелдеп шықты. Дейтұрғанмен қазақ айты- сының әлде де ашылмаған психо- логиялық сыры мен қыры жеткілік- ті. Осы мәселені зерттеу қазіргі Қа- зақстан психологтарының аса өзекті проблемалары болуы тиіс.