АДАПТАЦИЯ

АДАПТАЦИЯ – ағзаның, сезім мү- шелерінің ішкі және сыртқы тітір- кендіргіштерге, орта жағдайына біртіндеп бейімделуі. А. үрдістері биологияның негізгі ұғымдарының бірі – гомеостазды сақтауға бағыт- талады. Биологиялық А. ағзаның барлық деңгейлерін қамтиды: моле- кулярлықтан бастап, іс-әрекетті пси- хикалық реттеуге дейін. Экстремал- ды жағдайларға А. сәттілігінде жат- тығу процестері, индивидтің функ- ционалдық, психикалық және мораль- дық күйі маңызды рөл атқарады.

А. сондай-ақ теориялық ұғым ретін- де гештальтпсихология, швейцар психологі Ж.Пиаже шығарған интел- лект даму теориясындағы индивид пен қоршаған орта арасындағы өзара қатынастың гомеостаздық тепе-те- ңесу процестері ретінде түсіндіретін психологиялық тұжырымдамаларда да кеңінен қолданылады. Талдағыш- тар сезгіштігінің тітіркендіргіштер- дің әсеріне икемделуі.

Нәрселердің бейнесін қабылдау кезін- де көз шағылыстыратын жарықтың әсерлігі біртіндеп бәсеңдейді, немесе қараңғы бөлмеге кірген адамның көзі біртіндеп маңындағыларды кө- ре бастайды. Сол сияқты, құлаққа жа- ғымсыз естілетін дыбыстарға да бе- йімделу түрліше болады. Адамның уақытты түйсініп қабылдауға бейім- делуі де әр қилы болуы мүмкін. А. мерзімі бірнеше секундқа, ондаған минуттарға созылады. А. орталық және шеткі жүйке жүйесінің қыз- меттері арқылы реттеледі. Адамның бейімделуі биологиялық және пси- хологиялық деп екіге бөлінеді: бірін- шісі, ағза функцияларының және құрылымының ортадағы жағдайға, шартқа бейімделуі; екіншісі адамның әлеуметтік ивдивид ретінде, белгі- лі талаптарға, жағдайларға, принцип- терге, әлеуметтегі және қоғамдағы әдептілік ережелеріне, өзіндегі жеке- лік қасиеттерін ескере бейімделу үр- дісі болып танылады.

Әлеуметтік ортаның талаптарына индивидтің белсенді бейімделу үр- дісі психологияда әлеуметтік бе- йімделу (әлеуметтену), әлеуметті аккомодация деп аталады. Қабыл- даудың нәтижелілігін арттыру және рецепторларды шектен тыс жүктеме- ден сақтау мақсатымен сезім мүшеле- рінің әртүрлі стимулдар ерекшелік- теріне сәйкес бейімделу орын алады. Бейімділік – ивдивидтің өзін қызық- тыратын белгілі бір іске таңдамалы бағыттылығы. Өмірде кездесетін жағдайларға, ең жақсы түрде бейім- делуге ықпал ететін адам қылығы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *