9. ҚОС НҮКТЕ
§ 70. Бірыңғай мүшелердің алдынан келген жалпылауыш сөзден кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 92-ты қараңыз).
§ 71. Салалас құрмаластағы біріне-бірі түсінік болып келген және өйткені, себебі деген жалғаулықтар түсіп қалып жасалған жай сөйлемдердің арасына қос нүкте қойылады (II тараудағы § 99, 101-тарды қараңыз).
§ 72. Төл сөздің алдынан келген автордың сөзінен кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 114-ты қараңыз).
§ 73. Әрі қарай санамалап кететін бірыңғай сөздердің, сөйлемдердің алдынан келетін жалпылауыш мәнді сөйлемнен кейін кос нүкте қойылады
(II тарау, § 92-ты қараңыз).
§ 74. Бірыңғай мүшелерден бұрын келген мысалы, атап айтқанда деген қыстырма сөзден кейін қос нүкте қойылады (II тарау, § 95-ты қараңыз).