ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ АУЫЗША ТҮРІ

ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІНІҢ АУЫЗША ТҮРІ


ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУ ӨРІСІ

 

Бұл күнде қазақ тілі білім мен ғылымның, әдебиет пен мәдениеттің, әлеуметтік-саяси өмір мен өндірістік-шаруашылық тірліктің, күнделікті тұрмыс-тіршіліктің барлық саласына қызмет ететін жоғары сатыда дамыған әдеби тілге айналып отыр. Ол – мемлекеттік дәреже (статус) алған ұлттық тіл. Ұлттық әдеби тіл болғандықтан, қазіргі қазақ тілі – қоғамның барлық мүшелеріне бірдей және Қазақстан жерінің бүкіл аймағында біркелкі қолданылатын, сондай-ақ қазақ жерінен тыс өлкелерді мекендеген қазақтар үшін де дағдылы тіл, яғни баршаға ортақ жазу, сөйлеу тәжірибесі бар тіл.

Мемлекеттік тіл дәрежесі қазақ әдеби тілінің бүгінгі  қоғамға  қызмет ету өрісін кеңейте түсті: бұл күнде қазақ тілі – ең алдымен, о қ у — а ғ а р т у , т ә р б и е қ ұ р а л ы , одан соң сан салада дамып, жоғары деңгейге көтерілген ұлттық к ө р к е м ә д е б и е т т і ң т і л і, мазмұны мен мақсаты түрлене түскен б а с п а с ө з д і ң т і л і, енді өрістей түскен ғ ы л ы м т і л і, республика қолданатын з а ң д  а р мен р е с м и  і с   қ а ғ а з д а р ы   т і л і ,   т е а т р л а р         м е н         р а д и о н ы ң          т і л і ,          к и н о        м е н т е л е д и д а р д ы ң т і л і .

Сонымен қатар, әрине, қазіргі қазақ тілі –  бүгінгі  адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігінде өзара ұғынысатын  а у ы з ш а     с ө й л е у     т і л і  м е н  а у ы з е к і  с ө й л е с у  т і л і .  Қысқасы,  қазақ  тілі  – бұл күнде республикамыздағы 7-8 миллионға жуық, ал жалпы дүние жүзіндегі  10 миллионнан асатын қ а з а қ х а л қ ы н ы ң а н а т і л і .

Әдетте ұлттық әдеби тілдер қоғамға жазба және ауызша түрде қызмет етеді. Жазба әдеби тіл жазба әдебиеттің өмір сүруі мен дамуына, оның түрлері мен өрісіне байланысты болғандықтан, ол көркем сөз (көркем әдебиет) пен баспасөзде, ғылым сөзі мен оқу-тәрбие сөзінде,  ресми  құжаттар мен кеңсе-іс қағаздары тілінде көрініс табады. Қазіргі күнде бұлардың кеңінен өріс ала бастауы жазба тілдің әр саладағы (стильдегі) заңдылықтарын орнықтырып, оның әлеуметтік қызмет ету пәрменін күшейтіп отыр. Бұдан біз жазба әдеби тілдің қоғам өміріндегі рөлі мен маңызы зор екенін аңғарамыз.

Ал әдеби тілдің а у ы з ш а т ү р д е г і қ ы з м е т і бүгінгі қазақ қоғамының тіршілік-тынысы үшін бұдан еш кем емес деп тану керек. Өйткені мұның да қолданылар өрісі кеңейе бастады. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне ие болуы әр алуан жиын, жиналыс, мәслихаттардың қазақ тілінде жүргізілуіне жол ашты; саясат, ғылым, өнер, шаруашылық т.б. тақырыптарына арналған лекция-әңгімелердің  қазақ тілінде кеңірек өткізілуін күн тәртібіне қойды; балабақшаларда қазақ бүлдіршіндерін ана тілінде тәрбиелеуді қолға алуға мүмкіндік берді; қазақ мектептерінің көбейіп, оларда оқу-тәрбие жұмыстарын ана  тілінде жүргізуге, жоғары оқу орындарының барлық  факультеттерінде  дерлік (әзірге тіпті түгел болмай, көпшілігінде-ақ болсын) қазақ  бөлімдері  ашылып, оларда білім-ғылымның көптеген салаларынан қазақ тілінде лекциялар оқылып, сабақ жүргізілуіне кеңінен жол ашты; радио мен


теледидардан қазақ тілінде берілетін хабарлар сағаты көбейіп, бұл каналдар бойынша қазақша сөйлейтіндердің жиірек көріне бастауын, ұлттық сахна өнерінің түр-түрінің дамуын қамтамасыз етті. Осылардың баршасы қазақ тілінің ауызша түрін, яғни ауызша қолданылуын, айтылмақ ойды ауызша түрде білдіру тәжірибесін жандандырды.

Бұлардың ішінде радио, теледидар, театр,  киноның  орындары айрықша, өйткені бұлар ең кемі жүздеген, әйтпесе мыңдаған, кейде  тіпті  жүз мыңдаған адамдарды қамтиды. Сахнадан айтылатын сөзді бір спектакльдің өзінде жүздеген адам естиді, бір концертте айтылған ән мен көркем сөзді де жүздеген, кейде мыңдаған адам тыңдайды. Ал радио мен теледидардан және қазақша дыбысталған кинодан ауызша айтылған сөзді мыңдаған, жүз мыңдаған адамдар есітіп, тамашалайды. Демек, жазба тіл сияқты, ауызша тілдің де қоғамдағы орны зор екенін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Мемлекеттік ұлттық тілдің баршаға ортақтығы осы тілді қолдануда белгілі бір зандылықтардың, яғни нормалардың болуын талап етеді. Тілдік нормалар оның барлық қаттауында: сөздік саласында (лексикасында), грамматикасында, дыбыстар жүйесінде, стильдік-көркемдік тәсілдерінде болуы шарт. Норма сондай-ақ тілдің қолданылу түрлерінде де, яғни жазба және ауызша түрде қызмет ету барысында да орын алуы қажет. Сондықтан ана тіліміздің жазба түрімен қатар, ауызша түріне қойылатын талаптардың  да күшейе түсуі заңды.

Демек, қазақ әдеби тілінің барша заңдылықтарын, оның ішінде ауызша сөйлеу, әсіресе шаршы топ алдында сөз айту нормаларын бұзбай, дұрыс пайдалануда, тек пайдалану ғана емес, ол нормаларды көпшілікке үйретіп, таратуда, орнықтырып, бекітуде балабақша тәрбиешілерінен бастап, мектеп мұғалімдерінің, институт, университет оқытушыларымен қатар, қазақ сахна қайраткерлерінің, радио, теледидар  дикторлары  мен  хабар жүргізушілерінің, әншілер мен эстрада шеберлерінің міндеттері мен қызметтері орасан зор екенін айту керек. Әрине, ана тілін игеру, оны дұрыс жұмсай білу отбасынан, баланың ата-анасы  мен  айналасындағы үлкендерден басталуы керек екендігі – даусыз ақиқат.

Тәрбиешілер мен мұғалімдер – жасөспірімдерді тек тәрбиелеп, білім берушілер ғана емес, сонымен қатар тіл үйретушілер, тілдің байлығы мен әсемдігін бала бойына сіңірушілер. Ал актерлар мен әншілер – халыққа тек өнер көрсетіп, эстетикалық ләззат берушілер ғана емес, сонымен қатар ана тілінің құдіретін танытушылар. Дикторлар мен комментаторлар – радио мен теледидардан тек әр алуан хабар берушілер ғана емес, сонымен қатар сөзді дұрыс айта білуді, дұрыс дыбыстай білуді үйрететін ұстаздар болуға тиіс. Демек, бұл топтардың әрқайсысының төл қызметтерімен қатар, тілге қатысты міндеттерінің де әлеуметтік мәні бар екенін жеке-жеке баса айту қажет.

Бұл жұмыстағы негізгі тақырып қазақ сөзін д ұ р ы с айту заңдылықтары жайында болғандықтан, аталған топтардың жалпы тілге қатысты оны үйрету, сөздік байлығын молықтыру, грамматикалық тұлға-


тәсілдерді дұрыс қолдана білуге баулу, ана тіліміздің көркемдік-бейнелеуіш құралдарын игерту сияқты мәселелерін емес, тек қана қазақша сөйлегенде (не   дауыстап   оқығанда)   сөздерді   табиғи   түрде   дұрыс   д ы б ы с т а й   б і л у г е қатысты жайттарға ғана назар аударамыз.

Ең алдымен,  баланың  тілі  үй  ішінде,  о т б  а с ы н д а  шығады,  демек, баланы ана тіліне баулуда, онын ішінде сөздерді дұрыс дыбыстай білуге үйрететін тұңғыш ұстазы – ата-анасы және үй ішіндегі өзге де үлкендер екені мәлім. Сөйлеу үстінде сөздерді бір-бірімен жымдастыра, үйлестіре айта білуге, қазақ тілінің өзіне тән дыбыс заңдылықтарын сақтап сөйлеуге баулуда балаға ертегі, әңгімелер айтудың мәні зор.  Үлкендер  ертегі, әңгімелерді баппен мәнерлеп, яғни үндестік заңдарын  сақтап, сөздерді қиюластырып айтуға мейлінше көңіл қоюлары қажет. Сірә,  өсіп келе жатқан баланың таным-білімдік талабы мен психологиясына әңгіме, ертегілердің мазмұны ғана емес, оның тіліндегі үннің құлаққа жағымды музыкалылығы да қатты әсер ететін сияқты. Баланың өлең сөзге кұштарлығының сыры осында жатады. Үн (дыбыс) гармониясы – адамның жан дүниесі қажет ететін заңдылықтардың бірі. Сондықтан жас балаға тек прозамен ұсынылған әңгіме, ертегілерді емес, өздеріне арналған өлеңдерді оқып беруге ұмтылу керек. Ол өлеңдерді балалар жатқа айтқанда, сөздерін дұрыс дыбыстауына назар аударып, қате тұстарын түзетіп отыруды қазақ ата-аналары мен өзге үлкендері де дағдыға айналдырса. Шынына келсек, отбасылық тәрбиенің осы түрі бізде айтарлықтай емес екенін мектеп табалдырығын жаңа аттаған балалардың сөйлеу тәжірибесінен аңғарамыз. Сірә, үй ішінде баланың сөзді қалай айтуына зер салып, түзетіп отыру машығы бізде жоққа тән.

Айталық, бала өзінің құрбысын “қалқан құлақ” деп мазақтағанда, әр сөздің жеке-жеке күйіндегіше екінші сөзді қ дыбысынан бастап, алдыңғы сөзді н дыбысына аяқтап, қалқанқұлақ, қалқанқұлақ деп жатса,  “жоқ,  балам, сен оны құлағы үшін мазақтама, ал мазақтайды екенсің, онда қалқанқұлақ деме, бұл сөзді сен қалқаңғұлақ деп айт” деген сияқты түзету жасап жатпайтын тәріздіміз.

Әрине, ол үшін қазақ тіліндегі сөздердің дыбыстары бір-бірімен қиюласып, үндесіп айтылатын заңдылықтарын алдымен ересектердің, ата- аналардың өздері жақсы білулері керек (бұл құрал сондықтан осы мақсатты өтеуге арналады).

Осы талаптар б а л а б а қ ш а тәрбиешілеріне де қойылады. Олардың “мәнерлеп оқу” сияқты тәрбие сағаттарында көңілді тек оқып беруге ғана аудармай, сол оқыған мәтіндегі сөздердің дұрыс айтылуына зер қою абзал. Бүлдіршіндерге өлең-тақпақ айтқызғанда, олардың тек тілі келмейтін дыбыстарын түзету емес, ең алдымен, сөздерді қиюластырмай, бөлек-бөлек айтулары сияқты қателіктеріне де көңіл аудару қажет. Бүгінгі қала балалары әр нәрсеге үйренуді отбасынан гөрі балабақшалардан бастайды, өйткені ата-аналардың көбі жұмыс істейді, олардың кешкі екі-үш сағат баламен  бірге болған уақыттары күн ұзаққа балабақшада өткізген тәрбие сабақпен теңесе алмайды. Оның үстіне, жоғарыда айттық, әзірге біздің жас ата-


аналарымыздың, оның ішінде әсіресе қала тұрғындарының өздері қазақ тілінің сөзді дұрыс айту нормаларын, ғылыми тілмен  айтқанда,  орфоэпиялық ережелерін жақсы білмейтіндіктерін ескеру қажет. Сол себептен ана тілімізді үйретуде алғашқы үлкен жүк балабақша тәрбиешілеріне түседі.

Бұл орайда балабақша тәрбиесіне ұсынылатын оқу-методикалық құралдарда қазақ тілінің орфоэпиялық заңдылықтарына арнайы назар аударылса, тіпті бүлдіршіндерге арналған кейбір өлеңдердің дұрыс айтылу (оқылу) үлгісін қоса көрсетіп отырсақ, артық болмас еді. Мысалы, балабақшаларда оқуға арналған бір жинақта (“Оқып, ойнап, ән шырқайық”, 1983) берілген “Бұл қалай?” деген 8 жолдық өлеңнің мәтіні мынау:

 

Аппақ гүлден Қызыл алма өседі. Қара бұлттан

От шығады деседі.

Аппақ гүлден

Ақ бұлт неге өнбейді?

Бұлт ішінде

От қалайша сөнбейді?

 

Жазуда осылай берілген бұл өлеңді тәрбиеші балаларға былайша оқып беруі керек:

Әппақ гүлден Қызыл алма өсөді. Қара бұлттан

От шығады деседі. Әппақ гүлдөн

Ақ бұлт неге өмбөйді?

Бұлт ішінде

От қалайша сөмбөйді?

 

Осылайша оқығанда ғана өлең құлаққа жағымды, тілге (айтуға) жеңіл болып шығады. Мұны бүлдіршіндер жаттап алғанда, жазылуынша емес, осылайша оқылуынша жаттауға тиіс. Бұл мәтінде еріндік дыбыстардың үндесуіне және б дыбысынан бұрын тұрған н дыбысының м болып айтылатындығына (өсөді, өмбөйді, сөмбөйді) көңіл бөлінеді.

Тағы бір мысал. 5-6 жастағы балаларға арнап, Тұманбай Молдағалиевтың “Көл” деген шағын өлеңі ұсынылған, оны  балалар былайша айтып жаттаса:

 

Жатыр әсем көл тұнұп, Көзүндей жас ботаның. Құшақтаймын толқұнын, Құуанышқа батамын.


Жағадағы тал ғұрақ Өзүн содан көрөді. Қозұлардай жамырап, Құстар ұшұп келеді.

Күлүмсүреп күн гүндүз, Көг аспанды шолады.

Кешке ғарай көб жұлдұз

Кеудесіне қонады. Әлдилейді майда жел, Таң нұрланыб атады.

Тербетіліп айна гөл

Жерде аунап жатады.

 

Мұнда тұнып, көзіндей, тал құрақ, өзін, көреді, қозылардай, ұшып, күлімсіреп, күн күндіз, көк аспанды, кешке қарай, көп жұлдыз, нұрланып атады, айна көл деп жазылған сөздердің өлең тексінде келгендегі дұрыс айтылуы (оқылуы) көрсетілді. Егер тәрбиеші өлеңнің осы көрсетілген тұстарын жазылған түрінде оқыса, ол сөз сазынан үлкен қате жібереді, өйткені мұнда еріндік дыбыстар үндестігін де, қатаң дыбыстардың ұяңдайтын сәттерін де ескеру қажет.

Балаларға жасы өсіңкіреген кезде (5-6 жастарында), әсіресе мектеп жасында Абайдың табиғат туралы немесе “Аттың сыны” сияқты өлеңдерінен үзінділер оқып, жаттатуды дағдыға айналдыру қажет, өйткені Абай өлеңдері әуенді (музыкалы) болып келеді, ол әуенді бұзбас үшін, өлең сөздерінің бір-біріне үндесетін сазын сақтап айту керек. Мысалы, “Жаз” деген өлеңінен мына бір үзіндіні былайша оқыған дұрыс (бір деммен айтылатын сөздерді қосып жібердік, ал жазуда бұлар түбірлері сақталып, бөлек-бөлек жазылады, мысалы, көшіп ауыл, ұшып тұрса т.т.):

 

Жаздыгүн шілде болғанда, Көгорай шалғын, бәйшешек Ұзарыбөсүп толғанда.

Күркүрөб жатқан өзеңге Көшүбауыл коңғанда.

Шұрқұраб жатқан жылқының Шалғыннан жонұ қылтылдап. Атайғырлар, бійелер

Бүйүрү шығып, ыңқылдап, Сұуда тұрұп, шыбындап, Құйрұғұмен шылпылдап.

Арасында кұлұнтай Айнала шауұп бұлтұлдап. Жоғары төмөн үйрекқаз Ұшұптұрса сылпылдап.


Бұл үзікте еріндік үндесуімен келген сөздердің шоғырланып келуі өлеңнің бірыңғай дыбыс үнін сақтауды, сол арқылы белгілі бір әуезбен айтылуын қажет етіп тұр. Бұл әуенді сақтамасақ, өлеңнің музыкалық бояуы жоғалып, құлаққа түрпідей тиер еді. Міне, осы жайттарды мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындар: ата-аналар мен балабақша тәрбиешілерінен бастап, даярлық кластардың мұғалімдері, тіпті 1, 2- кластарда сабақ беретіндер, оларға арнап оқу-методикалық құралдар ұсынатын авторлар жақсы біліп, ескеріп, көңіл аударулары өте-мөте қажет.

Мектепке дейінгі бала тәрбиесінің ана тілімізде жүргізілуі енді ғана қолға алына бастағандықтан, әлі көп нәрсе жоқ екендігі мәлім. Бүлдіршіндерге қазақ тілінде оқитын өлеңдердің, айтатын ертегілердің өте   аз екендігі, кейбіреулері баланың жасына, танымына, психологиясына сай еместігі, дидактикалық материалдардың,  методикалық  құралдардың кемшіні – осылардың барлығы, сөз жоқ, баланы ана тілімізде тәрбиелеуде салқынын тигізетін жайттар. Дегенмен баланы қазақ тіліне баулуда бірнеше міндетті қатар атқаруға тура келеді. Солардың бірі және бүгінгі күнде ақсап жатқан саласы – сөзді дұрыс айту болса, ауызша сөйлеу барысында сөздерді дұрыс дыбыстауға үйретуді бір сәт көңілден шығаруға болмайды.

Адамның тіл үйренудегі, ана тілін жақсы игерудегі келесі баспалдағы – м е к т е п . Мектептің алдыңғы сатыдан үлкен айырмасы – мұнда тілді игеруде тек үлгі көрсетіп, ауызша түзетіп отырмайды, сонымен қатар тіл заңдарын оқытып үйретеді. Ол заңдардың ішінде, әрине, сөзді дұрыс айту қағидалары да бар. Үндестік заңдары деп аталатын құбылыстың мектепке төменгі кластардан бастап оқылатыны мәлім. Бірақ тағы да, өкінішке орай, ережені оқытып жаттатуымыз бар да, оқушылардың сөйлеу үстінде оларды қалай сақтайтынын қадағалап отыру бар. Міне, осыған көңіл бөлушілік шамалы тәрізді. Қай пәннен болса да, оқушы тақырыптың мазмұнын толық, бұзбай айтып берсе, баға көбінесе осы дәрежеге қарап қойылады, ал сол тақырыпты баяндау барысында сөздерді қалай дыбыстап тұрғаны көбінесе ескерілмейтіндігі байқалады. Оған он жылдық қазақ мектебін, төрт-бес жылдық институттар мен университеттердің қазақ бөлімдерін бітірген диктор, комментатор, журналистердің көпшілігінің үндестік заңдарын сақтамай, бір қатар, бұл күнде, қол қойды, жез қазған деп қа-қақалап тұратындары куә.

Қазақ мектептерінде әлі күнге дейін тіл мәдениеті деген проблемаға жеткілікті мән берілмей келеді. Қазақ тілін оқыту бағдарламасында бір кездерде “тіл мәдениеті” деген тақырып енгізілгенмен, кейін ол алынып тасталыныпты, яғни бұған арнайы сағат бөлінбей, оның міндеті “Тіл ұстарту” деген бағдарламаға жүктелген сияқты. Бірақ оқулықтардағы “Тіл ұстарту” дегенге берілген материалдар бірер беттік қана  екі-үш  тапсырмадан тұрады (мысалы, 8-класс оқулығын қараңыз), түсіндіру деген жоқ. Сонда оқушы тіл ұстартатын, яғни тіл мәдениетіне баулитын бұл тапсырмаларды (онда да бұлар мақсатқа сай келіп жатса) қалайша орындайды? “Тіл ұстарту” бөлігінің бағдарламада көрсетілген міндеті дұрыс-ақ: “Мектептегі қазақ тілінің жүйелі курсы негізінде жүргізілетін тіл


дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, ой өрісін кеңейту, дамыту және өз ойын анық, дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білу жолдарына баулу мақсаты көзделеді” дегенді оқимыз. Бірақ әңгіме осы мақсаттың орындалу сапасында, амалдары мен әдістерінің әлсіздігінде, тіл мәдениетіне баулудың нақты көрнекі материалды негізде жүргізілмейтіндігінде және осы шараның тек тіл дамытуға арналған сабақтарда ғана емес, 10-11 жылдық оқу процесінің бүкіл барысында, барлық пәндерді оқыту үстінде үзбей қолданылмайтындығында.

Сөз мәдениеті, дұрыс сөйлеу мәдениеті, сауатты жазу дағдысы дегендерді тек бөлінген сағаттың бойында ғана үйреніп шығуға болмайды. Тіл мәдениетін, сөзді дұрыс қолданып, дұрыс дыбыстап, дұрыс жазу дағдысын мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, оны  бітіргенге  дейін (тіпті одан кейін де) үзбестен игертуді тек тіл мен әдебиет пәні мұғалімдері ғана емес, барлық пәннен сабақ берушілер сезініп, күш жұмсағанда ғана ана тіліміздің табиғи қасиетін, ғасырлар бойы жиналған  мол қазынасын, бабалар қалдырған көркемдік құдіретін сақтай аламыз. Әсіресе бүгінгі осал тұсымыз – сөйлеу үстінде сөздерді дұрыс айтпау, яғни орфоэпиялық нормаларды білмеу, оған мән бермеу сияқты кеселдерден арылуға ең алдымен мектеп күш салуы керек. Ол үшін сөзді сазына келтіріп айта білуді мұғалімдердің өздері жақсы меңгерулері қажет болса, әзірге бұл саладан олардың қолдарында арнаулы құралдар да шамалы. Ұсынылып отырған құрал мұғалімдердің осы қажеттігін өтейтін орфоэпиялық анықтағыш болмақ. Бұл ережелер тек қазақ тілі пәнін оқытатындар үшін  ғана емес, барлық пәндердің мұғалімдері үшін де қолдан  түсірмес  күнделікті көмекші кұралы болуы тиіс.

Адам орфоэпиялық нормаларды, олар жөніндегі ережелерді негізінен жаттау арқылы емес, құлақпен тыңдап, үйрену арқылы игереді. Бұл ретте күнде тыңдайтын р а д и о н ы ң , т е л е д и дар үнінің және с а х н а д а н естілер с ө з д е р м е н ә н д е р д і ң орны айрықша. Бұлар  сөйлеу барысында сөздерді дұрыс айтуға үйрететін нағыз ұстаздар болуға тиіс. Сахна қайраткерлері мен радио, теледидар қызметкерлеріне тілге келгенде қойылатын талап – айтылмақ сөздің (бұл жердегі “сөз” деп отырғанымыз – жеке сөздер емес, жалпы айтылмақ ой, хабар т.т.) анық және әсем болуы. Анықтықты актерлер, әншілер, дикторлар, негізінен, сөйлеу техникасын жетілдіру мен сөз логикасына көңіл қою амалдары  арқылы  қамтамасыз етсе, әсемдік пен әсерлілік, негізінен, сөзді дұрыс әрі көркемдеп айту  арқылы жүзеге асырылады. Ал құлаққа естілер сөздің көркем айтылуы дегеніміз – оның үнді, әуезділігі (музыкалылығы). Үнділік сөйлеу үстінде дыбыстардың бір-бірімен үндесіп, тілдің табиғи дыбыс заңдарына бағынып айтылуы арқылы пайда болады. Дыбыстар әуезін (гармониясын) сақтау – сахна сөзі мен радио, теледидар сөздеріне мамандық тұрғыдан қойылатын талаптардың бірі.

Тіл жайындағы әңгіме бүгінгідей арнайы көтерілмеген күннің өзінде де қазақ сахна өнері мен радиосының өмірге келген алғашқы  кезендерінде қазақ сөзі бұларда, негізінен, дұрыс, көркем түрде айтылып келді. Қазақ


сахна шеберлерінің алғашқы буындары өз мамандықтары бойынша білім- ғылымның теориялық жағын оқып білмесе де, қазақ тілінің ана сүтімен кірген нормаларын іштей түсініп, тілдің табиғи үйлесімін бұзбай айта  білген, сөз арқылы жететін өнерді көрерменге (тыңдаушыға) жақсы ұсына білген. Ал соңғы кезеңдерде бұл орайда бірнеше объективті-субъективті себептермен тыңдаушыларды да, педагог, режиссерлёрды да, әсіресе тіл мәдениетін қадағалаушы ғалымдарды да алаңдатар жайттар пайда бола бастады. Олар:

1)        драма актерлері мен опера және эстрада әншілерінің, сондай-ақ радио мен теледидар дикторларының, комментаторларының, жергілікті тілшілерінің, кинодубляж жасаушылардың қазақ тіліндегі дауысты,  дауыссыз дыбыстардың үндестік заңдары – сингармонизм заңдылықтары деп аталатын табиғи гармониясын (үйлесімін) сақтамай, бұзып айтулары;

2)      сөйлеу үстінде болатын логикалық паузалар, яғни ой екпіні түскен сөздерді сәл кідіріп, бөліп айтуды немесе сөздердің мағыналық топтарына қарай қажет жерінде оларды айрықша бөліп, я болмаса  ұластыра  қосып  айту сәттерін біле бермеу;

3)     “қос қанаттың сыңары” деп келген орыс тілінің әсеріне байланысты кейбір қазақ тілі дауыстыларын сәл өзгертіп  (орыс  тіліндегіше)  айту фактісі;

4)     әрбір сөйлемнің мағыналық интонациясын тап баса алмағандықтан, оның ішіндегі сөздерді дұрыс айта алмаушылық;

5)      қазақ сөздеріндегі жіңішке дауысты дыбыстарды кейбір әншілердің жуандатып (айтеуыр, саулем, саулем, саулемсың) немесе, керісінше, жуан сөздерді жіңішкертіп айтулары (мені сүйген бір әдәм бар) т.т.

Әрине, бұл көрсетілген кемшіліктер мен ағаттықтардың орын алу себептері біреу емес, бірнешеу. Ең алдымен, жоғарыда айтылған проблема алдымыздан тағы шығады, яғни күні бүгінге дейін қазақша тіл мәдениетіне, орфоэпиялық норма дегендерге, логикалық екпін, логикалық паузаларды дұрыс сақтай білуге отбасы мен балабақшадан бастап, тіпті институт, университеттерге дейін жеткілікті мән берілмей келе жаткандығының салдары сахна, радио, теледидардан айтылатын сөзге де кері әсерін тигізіп отыр.

Екіншіден, қазіргі барша шаруамыз жазу арқылы жүретіні мәлім. Актерлар пьесадағы рөлдерін жазылған текст бойынша игеріп, жаттайды, әншілер де шырқайтын өлең текстерімен қағаз арқылы  танысады,  дикторлар да жазылған тексті алдарына қойып  немесе көз  алдында жылжып өтіп жатқан лентадан оқып отырады, радио хабарлары да көбінесе жазылған дүние бойынша айтылады (оқылады). Осыдан барып ауызша айтылған тексте жазба дүниенің ізі сайрап тұрады.  Бұдан  кейбір адамдардың орфоэпиялық ережелерді қаншама жақсы біліп тұрса да, оның көз жадында сөздердің жазылған түрі мықты сақталып, сол  қалпында  айтуға бейімдеу болатыны байқалады. Оның үстіне әрбір айтушы (актер, әнші, диктор т.б.) аузынан шығатын сөзін тындаушыға неғұрлым анық, айқын, түсінікті етіп жеткізуге тырысады. Мұндайда әдеттегі ауызша


сөйлеуге тән и н т у и т и в т і а в т о м а т и з м г е , яғни сөздің дыбысталуының дұрыс-бұрысын ойламастан, сөйлеу дағдысы бойынша өзінен-өзі дұрыс шығуына (айтылуына) емес, керісінше, «осылай айтсам, сөзім тыңдаушыға анығырақ, түсініктірек жетеді-ау» деген ойға  жол беріледі. Осыдан барып, әрбір сөзді жеке айтқандағы қалпынша дыбыстап, колғойұлды, бірғатар, Алматығаласы, күңгүркүрөп, жаңбыр  жауұп тұр деудің орнына қол қойылды, бірқатар, Алматы қаласы, күн күркіреп, жаңбыр жауып тұр деп жазылуынша айтатын, оқитын дикторларды күн сайын тыңдаймыз.

Сахна қайраткерлерінің орфоэпиялық нормаларды сақтауында жүк олардың өздерімен қатар, актерлер дайындайтын оқу орындарының педагогтеріне, театрлардың режиссёрларына, эстрада  нөмірлерін даярлайтын көркемдік жетекшілерге артылады. Драма театрларының режиссёрлары тек спектакль қоюшылар ғана емес, сол пьесадағы сөздің, яғни ойдың, идеяның тыңдаушыға дұрыс, айқын жетуін көздеуші де болулары тиіс, өйткені драма театрының негізгі мақсаты – спектакльдің ұсынбақ идеясын сөз арқылы да жеткізу. Сондықтан сахна сөзінің  анықтығы, құлаққа жағымды тиюі –  актерлер  мен  режиссёрларға қойылатын басты талап, негізгі шарт. Бұл талап, әрине, эстрада әншілеріне  де кинода сөйлейтіндерге де қойылады. Өйткені ән тек мелодиясының әсемдігімен ғана емес, жүрекке жылы тиетін сөзімен  де  қымбат. Бұларға сол сөзді анық, бұзбай жеткізетін тамаша дауысты әнші қосылса, ол ән, ол ария миллиондардың жүрегіне жол табады. Мысалы, кезінде атақты әнші Роза Бағланованы сүйсіне тыңдағандар тек сирек кездесетін әсем үніне ғана емес, қазақ өлеңінің әрбір сөзін анық етіп,  дұрыс  дыбыстап айтқаны  үшін де мейлінше тәнті болатын.

Бүгінгі қазақ сахна тілінің мәдениетін көтеруде, ең алдымен, сахна қайраткерлерін дайындайтын оқу орындары мен театрларда жұмыс істейтін өнер иелерінің қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын жақсы игерулеріне күш салу міндетін арқалайды. Ол үшін актерлік, режиссёрлық, әншілік мамандықтарына оқыту, үйрету процесінде қазақ әдеби тілінің заңдылықтарын, әр алуан нормалық ережелерін арнайы пән ретінде де, факультатив курстар ретінде де оқытуды мықтап қолға алу қажет. Әрине,  бұл үшін арнаулы оқу құралдары, методикалық нұсқаулар мен практикалық жаттығу жұмыстары ұсынылуға тиіс. Біздің бұл құралымыз осындай қажеттіктердің бірін өтеуге арналады.

Сөйтіп, ауызша сөйлеудің өзі екі түрлі болады, бірі – күнделікті тұрмыста  қолданылатын  а у ы з е к і   с ө й л е с у   т і л і ,   екіншісі  –  т о п а л д ы н д а а у ы з ш а с ө й л е у (орысша “публичная речь”). Жоғарыда көрсетілген салалардың барлығы үлкенді-кішілі топ алдындағы сөйлеуге жатады, яғни жиын-жиналыстарға қатысушылар да, мектеп кластары мен студенттер аудиториялары да, мың-мыңдаған радио тыңдаушылар мен теледидар тамашалаушылар да, сахна өнерін қызықтаушы көрермендер де – барлығы да “шаршы топ” (публика). Топ алдына ауызша түрде шығатын сөз қалай болса солай, бейберекет айтыла салмауы керек әрі құлаққа жағымды


болуы шарт. Басқаша айтқанда, шаршы топқа ауызша ұсынылатын сөздің нәрі (мағынасы) мен сазы (жағымды, табиғи үні) болуға тиіс.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *