АГРАФИЯ

АГРАФИЯ (грек. а – қаз. болымсыз- дық қосымшасы және grako – жаза- мын) сөйлеудің әртүрлі жағдайын- да пайда болатын жазудың бұзылуы не жазу қабілетін толық жоғалтудан немесе сөздерді өрескел бұрмалау- дан, буындар мен әріптерді тастап ке- туден, әріптер мен буындарды сөз етіп қосуға қабілетсіздіктен, т.б. көрінеді. А. балаларда мидың органикалық же- те дамымауымен байланысты тілінің жалпы дамуы кенжелеп қалуының бір көрінісі; нашар естудің немесе са- ңыраулықтың салдарынан сөздерді дыбыстық талдаудағы кінәраттармен байланысты сөйлеудің бұзылуынан көрінуі мүмкін. А. ми сырқатына байланысты сөйлеудің түрлі бұзы- лулары салдарынан пайда болатын жазу қабілетінен айырылуы деп те ай- тады. А. жазу қабілетінен толық айы- рылу немесе сөздерді тұрпайы түрде бұрмалау, буындар мен әріптерді тас- тап кету, әріптер мен буындарды сөз- ге біріктіре алмауда көрініс табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *