АГГЛЮТИНАЦИЯ ( лат. agglutina- re – қаз. желімдеу) – түбір сөздің соңы- нан қосымшалардың тізбектеле жал- ғану тәсілі. А. (жалғамалылық) жаңа бейнені әртүрлі объектілердің бөлшек- терін біріктіріп жасау тәсілі. Қиялда анализ, синтез әдістері, агглютина- ция, схематизация түрлі схемалар мен суреттердің акцентировка (бейненің типтік басты белгілерін жасау) тәсіл- дері жиі қолданылады. Қиялдағы елес- терді топтастырудың қарапайым түрі агглютинация деп аталады. Осы тәсіл арқылы мифологиялық бейнелер (кентавр, сфинкс, жезтырнақ) мен түр- лі механизмдердің, машиналардың конструкциялары (амфибия-танк, су- дан өте алатын жеңіл танк, аэрошана суға қонып, ұша алатын ұшақ) құрас- тырылады. А. тәсілі ежелгі Мысыр елінде, сондай-ақ Солтүстік Америка индеецтерінің өнер ескерткіштерін- де үлкен орын алған.