АВТОРИТАРЛЫҚ

АВТОРИТАРЛЫҚ (лат. аиtоritas – қаз. ықпал ету, билік) тұлғаның өзара әрекет пен қарым-қатынас серіктесте- рін өз ықпалына барынша бағынды- руын, өктемдігін бейнелейтін әлеумет- тік-психологиялық сипат. А. мынадай жеке мінез-құлық ерекшеліктерімен тығыз байланысты: агрессивтілік (қ. Аг- рессия), өзін-өзі асыра бағалау және талап етудің жоғары деңгейі, таптау- рындылыққа бейімділік, әлсіз рефлек- сия, т.б. А. мінез-құлықта әдетте кез келген тәсілмен топтағы басым орын- ға ие болуға, билік құрылымында ең жоғарғы бағытты ұстауға ұмтылы- сы көрініс табады. Едәуір айқын түр- де А. басшының қол астындағы адам- дарды билік күшімен ұстаудан, бас- қа адамдардың мәнді шешімдерді қа- былдаудан шеттетуден көрінеді. Mұн- дай басшы кез келген тапсырманың шешімін және міндеттің орындалуын қатал қадағалайды, өз еркін көрсет- кен, оның өз беделімен өзi өкілетті биліктің беделіне нұқсан келтіретін топ мүшелерінің ынтасын қатал ба- сып отырады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *