АВИАЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫ

АВИАЦИЯ ПСИХОЛОГИЯСЫ (лат.

avis – қаз. құс) авиация мамандары- ның іс-әрекеттерінің психологиялық заңдылықтарын зерттейтін психоло- гия ғылымының саласы. А.п. ұшқыш- тарды оқыту мен ұшу кезінде орын- далатын істердің жай-жапсарын жал- пы адам психикасының әуе кеңістігі- не бейімделудегі ерекшеліктерін зерт- теп, жоғары дәрежеде ысылған маман- дарды даярлап шығару мақсаттарын қарастырады. А.п. ұшудың қауіпсіз- дігіне, апаттардың алдын алуға, ұш- қыштардың, сондай-ақ, басқа да авиа- ция мамандарының еңбегі мен демалысын тиімді етуге, олардың кәсіби жә- не психологиялық даярлығына назар аударады.

А.п. мақсаты – ұшқыштардың, штур- мандардың, жер үстіндегі қызмет ма- мандарының іс-әрекеті мен дайын- дығының психологиялық ерекшелік- терін зерттеу, ұшу экипажының тиім- ді және қолайлы қызметін қамтама- сыз ету, авиацияда жұмыс істеуге кан- дидаттарды іріктеу, ұшқыштардың психикасына жағымсыз әсерлерді, апат- тарды болдырмауға бағытталған. А.п. ғылыми-практикалық бағыт ретінде XIX және XX ғасырлар тоғысында адамзаттың ұшқыш аппараттарды ойлап табуына және оларды ұтымды да қауіпсіз басқарудағы адам факторы рөлінің арта түсуіне байланысты пай- да болды. А.п. негіздері физиология- ның, жалпы психологияның, эргоно- миканың, инженерлік психология- ның, еңбек психологиясының, меди- цинаның әдіснамалық және әдістеме- лік ережелерінің ықпалымен қалып- тасты.

Қазіргі заманғы А.п.-ның өзекті мә- селелері: авиация мамандары іс-әре- кетінің психологиялық құрылымда- рын; адамның авиациялық, техни- калық өзара әрекеттестігінің психо- логиялық заңдылықтарын зерттеу; ұшу факторының психикалық жағда- йын, ұжымдағы тұлғааралық қарым- қатынастардың дамуына әсерін зерт- теу; кәсіби жарамдылықты, экипаж мүшелерінің өздерінің іс-әрекет жағ- дайларына бейімделуін қалыптасты- ру; апаттылық жағдайларын талдау жә- не т.б. А.п. теориялық және практика- лық міндеттерін шешу үшін психоло- гия мен физиологияда (сұхбат, бақы- лау, құжаттарды зерттеу, зертханалық және табиғи сараптаулар) қарастыры- латын әдістемелер кешені қолданы- лады. Сонымен қатар, қазіргі кезде А.п. іс-әрекетті талдаудың алгоритм- дік әдістемесі, психологиялық модель- деу және т.б. әдістемелері дамуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *