АБСТРАКЦИЯ (лат. abstractio – қаз. бұру, аудару) – ойлаудың негізгі операцияларының бipi. 1) А. (дерек- сіздендіру) – нақты заттар мен құбы- лыстардың қасиеттерін ой арқылы ажырататын тәсіл. А. нәрселер бейне- сін тікелей сезім арқылы танып білу сатысында қолданыла бастайды. Мыс., заттың түрі мен тұрпаты оның түсі мен реңінен бөлек қарастырылады. А. ең жоғары сатысы заттар мен құбылыстардың белгі қасиеттерін та- нып білуде олардың айрықша мәнді және жалпы белгілерін атап көрсету. А. нақтылау сияқты ой-әрекеттері- мен тығыз байланысты. Затты, құбы- лысты белгісінен, қасиетінен ажыра- ту ой операциясының функциясы;
2) А. (дерексіз түсінік). А. деп ой опе- рациясын, заттардың бірқатар қасиет- терін ойша дерексіздендіріп, қандай да болса бip бiзгe керек қасиетін бө- ліп қарауды айтады.
Мыс., «күш – сападан маңыздырақ» дейміз, бipaқ нақты қай күш туралы әңгіме болып отырғанын: адамның кү- ші ме, жануардың, автокөліктің күшi ме, жерге тартылу күші ме т.с.с. ол жа- ғын түciндіріп жатпауымызға болады. Бұл жерде өзіндік қасиеті бар бip нәрседен алшақтап жалпы қасиет ту- ралы айтамыз. A. eкі түрге бөлінеді: а) дифференциалды А. заттардың автономды қасиеттерін, күйін немесе предикаттарын салыстырмалы бөліп
7 АБУЛ
көрсететін; б) ресми (формалды) А. заттан тәуелсіз әртүрлі қасиеттері-пре- дикаттары-параметрлері арқылы көр- сететін. А. – шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін ойша бөліп алуға мүмкіндік беретін ой-тәсілдерінің бipi. А. – адам менталдығының субстантив- ті үрдістерінің бipi. Ол адамға объект- тің қасиеттерін, аспектілерін, күйле- рін дербес заттарға, объектіге рефлек- сивті түрде бөліп, ауыстыру. Бұл үр- дістің нәтижесі – А. терминмен атау- ға болатын, ойлау өнімінің (ұғымдар, теориялар және т.б.) қалыптасуы. Абстракциялау деп – заттардың бірқа- тар қасиеттерін ойша дерексізден- діріп, қандай да болса бip бiзгe керек қасиетін бөліп алып қарауды атайды. Мыс., адамның көзіне жақсы әсер ететін түс ретінде жасыл түс туралы айтып, жасыл түспен боялған нақты затты айтпауымызға болады.