2. ЛЕП БЕЛГІСІ
§ 15. Леп белгісі көтеріңкі дауыспен айтылған лепті сөйлемдерден соң қойылады (II тараудағы § 10-14-тарды қараңыз).
§ 16. Ерекше бір көңіл күйіне байланысты көтеріңкі дауыспен бұйыру, өтініш мағынасында айтылған сөйлемдерге леп белгісі қойылады (II тараудағы § 13-ты қараңыз).
§ 17. Ұранды сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады (II тараудағы
§15-ты қараңыз).
§ 18. Ерекше көтеріңкі дауыспен айтылған қаратпа, одағай сөздер мен жоқ, иә деген сөздерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 48, 65- тарды қараңыз).
§ 19. Ерекше мән бере көтеріңкі айтылған атаулы сөйлем сияқты сөздерден кейін де леп белгісі қойылуы мүмкін:
“Иегі ителгінің тамағындай” деп қызықтырған, асықтырған қалыңдық!
Ділда!Мұның жары! (М.Әуезов.)
§ 20. Сәлемдескенде айтылатын, ішінде сұраулық шылауы бар тіркестерден кейін леп белгісі қойылады (II тараудағы § 9-ты қараңыз).