ӘЛИЯНЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТКЕН РОЗА РЫМБАЕВА

ӘЛИЯНЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТКЕН РОЗА РЫМБАЕВА




Көшпелі өмір салтын құрған қазақ халқы қай заманнан болмасын баласын аттың үстінде, жазық даланың төсінде тәрбиелеген емес пе?! Дала заңына бағынған дархан көңіл ата-бабаларымыз қызы мен ұлын бірінен-бірін, бөлмей еркін тәрбиелеп өсірген. Сол себепті болар ұлан байтақ қазақ даласын жаудан қорғаған ер жүрек батырлар ана құрсағында тәрбиеленіп, халықтың мәңгілік жадында сақталар ұлы мен қызына айналып отырды. Халық «Алып анадан туады», — деген емес пе? Иә, халқымызда небір даналар мен ойшылдар, өнегелі жыраулар, елдің еркесі сал-серілер мен ақындар жау жүрек батырлар ғасырданғасыр ұласып өтіп жатты. Асқан даналыққа тәрбиелеген ұлы Абайдың анасы Ұлжан, қайрат пен жігерін тасытқан Құрманғазының анасы Алқа болса, халықтың мақтанышына айналған аналарымыз бен қазақ қыздарын аңыз етіп айтуға болады.
Иә, біз әңгіме еткелі отырған қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлова және оның батырлығын жыр еткен композитор Сейдолла Бәйтереков жөнінде болмақ. Композитор Сейдолла Бәйтереков — елі мен жерін сүйген нағыз патриот адам. Оның «Әлия» атты әнінің дүниеге келуінің өзі жәйдан-жәй емес.
Композитор Ұлы Отан соғысы аяқталған кезең 1945 жылдың 10 мамырында дүниеге келген екен. Сейдолла Бәйтерековтің дәл осы уақытта дүниеге келуі әннің тууына себеп болды дейді.
1975 жылы Ұлы Отан соғысының 30 жылдық мерекесі тойланады. Композитор Сейдолла Бәйтерековті осы үлкен тарихи оқиға толғантпай қоймайды. Қан майданда қаза тапқан қазақ жауынгерлерінің ерлігіне арнап бір ән шығармақ ой келеді. Арада бір жыл өтеді. 1976 жылы Бәкір Тәжібаевтің өлеңдер жинағы қолына түседі. Өзі іштей ізденіп толғанып жүрген Сейдолла сол жинақтың ішінен батыр қыз Әлияға арналған өлеңді көзі көреді. 19 жасар жас қыздың ерліктеріне таңқала отырып, көзіне жас алады. Өзінің ішкі үніне өлеңнің мазмұны да сай келеді. Ақын Бәкір Тәжібаевпен келісе отырып, өзінің ойында жүрген әуенге лайықтап «Әлия» әнін шығарады.



Сол кездері жас әнші Роза Рымбаеваны әлі халық тани қоймаған еді. «Гүлдер» ансамбілінің жетекшісі Тасқын Оқапов «Әлия» әнін құлағы шалып, бұл әнді Роза
Рымбаеваға ұсыну жайлы қолқа салады. Сөйтіп, осы әннің бағын сынамақ үшін Роза
Рымбаеваны Москвада өткен Бүкілодақтық әншілер сайысына жібереді. Қазақ қызының ерлігін паш еткен ән жеңіске жетеді. 19 жасар сол батыр қыздың өзі айтып тұрғандай бұл ән өте әсерлі шығады. «Әлия» әнінің жеңісі мұнымен тоқтамайды. 1978 жылы «Әлия» әнімен Роза Рымбаева Болгарияда өткен халықаралық «Золотой орфей» атты әншілер сайысында бас жүлдені иеленеді. Қазақтың батыр қызы Әлияның ерлігі әнші Роза Рымбаеваны өнер майданында да жеңіске жеткізеді. Сөйтіп, композитор Сейдолла Бәйтереков пен хылқымыздың сүйікті әншісі Роза Рымбаева мыңдаған ұлттардың ішінен жарып шығып, қан майданда ерлікпен қаза тапқан қазақтың қаршадай қызы Әлия
Молдағұлованың ерлігін тағы бір әлемге паш етеді.

Ән тыңдайық:
Роза Рымбаеваның орындауында Сейдолла Бәйтерековтің әні — «Әлия».

Біліп ал!

Сейдолла Бәйтереков – (1945-1998) композитор. Шымкент облысы, Кентау қаласында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. С.Бәйтереклвтың кино және мультфильмдерге, театр спектакльдеріне, хорға арналған шығармалары бар. Ол Қадыр мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев сынды көптеген ақындардың өлеңдеріне әндер жазған. С.Бәйтерековтың «Әлия», «Жан досым», «Өмір-өмір», «Дос туралы жыр» «Күнге табыну», «Түркістан», «Кентауым», «Аралдан ұшқан аққулар», «Ақ тілек» т.б. әндері бар. С.Бәйтерековтың әндерін Р.Рымбаева, Е.Хасанғалиев, Е.Серкебаев т.б. әншілердің ән қорынан орын алған.

Білесің бе?




Роза Рымбаева – (1957) әнші. Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында дүниеге келген. Қазақстанның халық әртісі. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Әнші халық әндері мен қазіргі заман композиторларының әндерін орындайды. 1977 жылы Болгарияда өткен эстрада әртістерінің дәстүрлі халықтар байқауына Қазақ елінен тұңғыш рет қатысып, бас бәйге «Алтын орфей» жүлдесін жеңіп алған. Гастрольдік сапармен Болгария, Венгрия, Германия, Куба, Польша, Чехословакия, Ауғанстан, Америка, Франция т.б. шет мемлекеттерде қазақ әнін паш еткен. Өнердегі еңбегі үшін
«Парасат» орденімен марапатталған.

Сұрақтар:

1. «Алып анадан туады» деген сөзді қалай түсінесің?
2. «Әлия» әнінің дүниеге келуіне не себеп болды?
3. «Әлия» әнін алғаш сахнада орындаған кім?
4. Қазақтың қандай батыр қыздарын білесің?

Тапсырма:

1. «Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева» тақырыбын оқып кел. 2. Домбырада «Сылқылдақ» күйінің үйренген буындарын қосып орындап кел.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *