Құрманғазы Сағырбайұлы (1818/1823–1889/1896)
Төкпе күй дəстүрінің көрнекті өкілдерінің бірі, қазақтың аспаптық музыка өнерінің классигі Құрманғазы Сағырбайұлының туып-өскен жері – Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазы – қазақ музыка тарихында ерекше орны бар аса ірі тұлға. Батыс Қазақстан күйші- лік дəстүрінің ең көрнекті тұлғасы, күй атасы атанған, əлемдік өредегі алып композитор. Құр- манғазының алғашқы ұстазы Ұзақ деген күйші болған. Құрманғазы күйлері өмірбаяндық не- гізге құрылған. Оның күйлері – өз өмірінің шежі- ресі сияқты. Олар – нақты болған оқиғаларға байланысты шығарылған, əрқайсысының тарихи негізі бар туындылар.
Құрманғазы күйлерінің құрылымы негізінен буындық жүйеге құрылған. Бас буын, орта буын, кіші саға, үлкен саға.