ТОҒЫСҚАН ЕКІ ӨНЕР
Кенжебаев Ш. Кешкі ән.
Кез келген халықтардың мәдениетінде өнердің барлық түрлерінің арасында байланыс орнайтыны ақиқат. Ғасырлар бойы қазақ халқының мәдениетінде сөз бен саз өнері бірін-бірі толықтыра отыра қатар дамыды. Х1Х ғасырда Абай шығармашылығынан бастап сөз бен саз өнері жеке өнер түрі ретінде дараланып шықты. Сол кезеңнен бастап біздің мәдениетімізде еуропа халықтарына ұқсас жазушылар, ақындар мен композиторлар және әртістер дараланып шыға бастады. Қазіргі уақытта да ақындар мен сазгерлер бірлесе отырып опера, хорға арналған шығармалар, романстар мен әндер шығарып келеді.
Қазақстанда бейнелеу өнері ХХ ғасырдың басында дами бастады. Сурет өнерінің ең негізгі:
тарихи сурет, тұрмыстық жанр, пейзаж, портрет, натюрморт сынды көркемдік жанрлар аса қарқынмен дамыды. Суретшілер орыс және еуропа халықтарының мәдениетінде қалыптасқан сурет салу тәсілдері мен оның көркемдеуші құралын қолданады. Дегенмен, суреттің негізгі мазмұны мен оның көркемдік бейнесін қазақтың сөз және саз өнерінің рухани бастауларынан алады. Тарихи және тұрмыстық суреттер қазақтың жыраулық өнеріне тән эпикалық және фәлсафалық терең мазмұнымен ерекшеленеді. Көне замандардан көк тәңірге табынған қазақ халқы өмірін табиғатпен байланыстырып тіршілік еткен. Сол себепті, пейзаж жанрындағы туындыларда толғау күйлеріне тән дархан даланың тынысы есіп тұрғандай. Ал, кешкі тылсым табиғатты бейнелейтін пейзаж жанрынан сұлу сазды халық әндерінің әуенін сезуге болады. Әсіресе, батырлар тақырыбына арналған күйлердегі жігерлі де қарқынды екпін, аттың дүбірі мен шайқас үстіндегі талас-тартысты бейнелеу қыл қалам шеберлерінің суреттерінен кеңінен орын алады.
Суретшілер ең алдымен оның ырғағын, екпінін, жылдамдығын сурет арқылы көрсетуге талпынады. Көптеген суреттер қазақ күйлерінің дыбысымен үндесіп жатады.
Соңғы он жылдықта халықтың қол өнеріне деген қызығушылығы арта түсті. Қазақтың қол өнерін
жасаудағы көне тәсілдерді қолдана отыра,
П. Омарова. Қожа Ахмет Ясауи. П. Омарова. Қорқыт-ата. суретшілер теріден, шиден және киізден жасалған жаңа туындыларды жасай бастады. Ал, шыны мен фарфордан жасалған түрлі бұйымдар мен қуыршақтар қазақ өнеріндегі жаңалық болды.
Береговая З. Ақын. Береговая З. Дина Нуұрпеисова
Өнер қанша жаңарғанымен суретшілер халық әндері мен күйлерінен сусындап, халық даналығының қайнар көзіндей жадында сақтады.
ХХ ғасырда тек қана сурет және сөз өнері өзгеріске ұшырап қана қойған жоқ. Күй өнері де жаңа заманға лайық жаңғыра түсті. Жаңа музыкалық жанрлар пайда болды. Олар – симфониялық күй, скрипка және фортепианоға арналған күйлер. Композиторлар күй арқылы жаңа техникалық дәуірді бейнеледі.
Суретші, ақын, композиторлардың мұндай туындылары бір бейнені сомдай отыра, өмірді мәнді де сәнді етуге талпынды. Тыңдаушы мен көрерменнің мәдени талғамын өсіріп, рухани байлығын асыра түсті.
Музыка тыңдайық:
Ж.Әубәкірованың орындауында Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Домбыра туралы
аңыз» атты шығармасын тыңдап көрелік.
Біліп ал!
Нағым Меңдіғалиев — (1921 -2006) — композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері,профессор. Батыс Қазақстан облысы, Жаңа қала ауданында дүниеге келген. Қазақтың алғашқы кәсіби пианисі. Қазақстандағы фортепиано музыкасының дамуында болған жетістіктері Н.Меңдіғалиевтің атымен тығыз байланысты. Ол көптеген фортепианоға арналған алғашқы туындылардың авторы. Ол 300-ден астам аспаптық пьессалар, әндер, романстар, спектакльдерге арналған музыка жазды. Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақ фортепианолық музыкасының ең танымал туындысына айналды.
Сұрақтар:
1. Қазақ мәдениетіндегі сөз бен саз өнері қандай өзгеріске ұшырады?
2. Бейнелеу өнеріндегі негізгі жанрларды ата.
3. Халықтың қол өнерінде қандай жаңалық болды?
4. Күй өнері қалайша жаңғырды?
Тапсырма:
1. «Тоғысқан екі өнер» тақырыбын оқып кел.
2. Домбырада Құрманғазының «Адай» күйінің соңғы буынын жаттап, күйді бастан-вяқ толық
орындап кел.