Тəттімбет Қазанғапұлы (1815–1862)

Тəттімбет Қазанғапұлы (1815–1862)

Тəттімбет Қазанғапұлы – күйші-композитор, дом- бырашы, Сарыарқа күйшілік дəстүрінің ең көрнекті тұлғасы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі. Ол 1815 жылы бұрынғы Семей губерниясы Қарқаралы өңірінің Мыржық тауының етегіндегі Қызылжал қыстауында (қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы) дүниеге келген. Əкесінің інісі Əлі асқан күйші болмағанымен, өз төңірегінің назарына іліккен домбырашы болған. Тəттімбетке домбыраны бала кезінде осы Əлі үйретеді. Тəттімбет –


22 22

ел арасында сері атағына ие болған өнерпаз. Бұл туралы академик Ахмет Жұбанов: «Тəттімбеттің жасынан «сері» атануы да, тек талан- тының ерте көрінуінен емес, бір жағынан əдемі киініп, атының ер- тұрманын, ноқта-жүгенін, құйысқан-өмілдірігін əшекейлетіп, күміс шаптырып, ал аттың жабуын кестелетіп, зерлетіп – осындай неше алуан сахара жағдайында «қызылды-жасылды» болып жүруі, оны ар- тист етіп көрсеткен», – деді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *