Симфониялық музыка – симфониялық оркестрде орындауға ар- налған күрделі музыкалық шығарма. Симфониялық музыканың негізгі жанрлары: симфония, увертюра, концерт, сюита, симфониялық поэма, фантазия, т.б. Классикалық музыканың негізгі даму кезеңдері – музыка- лық классицизм (1750–1820), романтизм (1800–1910), импрессионизм. Өзіне дейінгі кезеңдердің жетістіктерін дамытқан ХХ ғасырдағы сим- фониялық музыкада мазмұн мен құрылым жаңарды.
ХVІІІ ғасырда симфониялық оркестрдің классикалық түрінің қалып- тасуына байланысты симфониялық музыка кеңінен дамыды. Оның
10 10
негізін салған композиторлар – Йозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Мо- царт, Людвиг ван Бетховен. Олар – Вена классикалық мектебінің өкіл- дері. Олардың шығармашылығында симфонияның классикалық (төрт бөлімді) үлгісі, сондай-ақ концерт (үш бөлімді), увертюра (бір бөлімді), т.б. туындылар қалыптасты. Классикалық өнер сезім мен ақыл, пішін жəне мазмұн арасындағы нəзік теңгерімді ерекшелеп, адамның əрекет- тері мен сезімдерін, ақыл-ой даналығын алға тартты. Соната формасы осы кезеңнің көптеген шығармаларында басымдыққа ие болды. Со- ната формасында екі тақырыптың күресі, талас-тартысы болады.
Музыкадағы романтизм бағыты 1820 жылдары қалыптаса бастады. Музыкадағы романтизм адамның ішкі жан дүниесіне үңілу қасиеттерді бойына сіңіре отырып дамыды. Романтикалық музыканың бейнелілігі артты. Романтизм дəуіріндегі музыканттар Н.Паганини, Ф.Шопен, Ф.Лист, Р.Шуман, Г.Берлиоз, Р.Вагнер, П.Чайковский асқан орындау шеберлігі арқасында өз елінің ұлттық музыка дəстүрін танытты. Романтикалық музыка өзінен кейінгі импрессионизм дəуірі үшін құнды қазына болды.
Импрессионизм («impression» – əсер) – ХІХ ғасырдың 2-жартысы мен ХХ ғасырдың басында өнерде пайда болған ағым. Негізінен су- реткердің өмірден алған өткінші əсері мен сəттік көңіл күйіне құры- лады. Бейнелеу өнерінде импрессионизмнің жекелеген белгілері 1860 жылдары француз суретшілерінің (Э.Мане, О.Ренуар, Э.Дега) еңбек- терінде көріне бастады. Музыкадағы импрессионизмнің негізін салу- шы Клод Дебюрси өз шығармашылығында музыканың бейнелеу тə- сілдеріне ерекше көңіл бөлді. Ол музыканың гармониялық жəне тембр- лік бояуларын, оркестрлік техникасын байытты. Морис Равель (Франция) мен Мануэль де
Фалья (Испания) музыкалық импрессионизмнің шеберлері еді. Симфонияның 1-бөлімі Сонаталық аллегро құрылымында жазылған
үш тараудан тұрады (экспозиция, өрбітуші тарауы жəне реприза).
11
Экспозиция төрт тақырыпқа негізделеді – басты (главная), байла- ныстырушы (связующая), қосалқы (побочная) жəне қорытындылаушы (заключительная). Əр тақырып өз мінездемесімен ерекшеленеді.
Басты тақырып – екпінді, қарқынды, буырқанған мінезді. Байланыстырушы тақырып – жүрдек екпінді. Қосалқы тақырып нəзік,
лирикаға толы сезімдерді жеткізеді.
Қорытындылаушы тақырып – орындалған сарындарды бекітіп, жаңа тональдікті орнықтырады.
Өрбітуші тарауы басты тақырыпты дамытады.
Реприза – экспозиция тақырыптарын басқа тональдікте қайталап, оған драмалық леп қосады.
1. В.А.Моцарттың №40 симфониясының 1-бөлімінен үзінді тыңдаңдар (соль минор).
2. В.А.Моцарттың симфониясының басында қандай ас- паптар орындайды?
3. Сенің ойыңша В.А.Моцарттың осы симфониясы адам- ның қандай сезімдерін оятады?