Опера – музыканың ең бай жəне күрделі жанры болып саналады. Операда поэзия жəне драмалық өнер, вокалдық жəне аспаптық му- зыка, би, кескіндеме, сахна суреттері жəне сахналық киімдер тұтастық құрайды. Операдағы музыка уақиғаның басты қозғаушы күші болып табылады. Жеке əнші орындайтын күрделі, кең тынысты ария, ариозо, каватина жəне речитатив (речитатив – тар көлемді əуенге негізделген, сөйлеу мəнеріне жақын сарын), топпен орындалатын: дуэт (екі адам), трио
14 4
(үш адам), квартет (төрт адам), квинтет (бес адам), яғни ансамбльдер, хор көріністері, билер, оркестрлік нөмірлер (увертюра, антракт) опе- ралық музыканың алуан түрлерін құрайды. Опера жеке жанр болып ХVI–XVII ғасырлар аралығында қалыптасты. Опера жанрының XVIII– XIX ғасырлардағы Батыс Еуропадағы көрнекті өкілдері: К.В.Глюк (Австрия); В.А.Моцарт (Австрия), Дж.Верди (Италия), Р.Вагнер (Гер- мания), т.б.
ХІХ ғасырдағы орыс операсының негізін салушы М.И.Глинканың жо- лын М.П.Мусоргский, П.И.Чайковский, Н.А.Римский-Корсаков, А.П.Бо- родин дамытты. Орыс композиторларының операсына халықтық сипат пен реализм тəн.
Қазақстанда опера жанры ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастау ала- ды. 1934 жылы Е.Г.Брусиловский операның алғашқы орындаушылары Күлəш Байсейітова, Канабек Байсейітов, Ғарифолла Құрманғалиев, Құрманбек Жандарбековпен бірлесе, əн-күй байлығын негіз еткен қа- зақтың тұңғыш операсы «Қыз Жібекті» сахна төріне шығар