Дəстүрлі əншілік өнер
Сабақта:
1. Қазақ халқының ауызша-кəсіби əншілік өнерімен танысамыз;
2. Дəстүрлі əншілік мектептердің көрнекті өкілдері туралы білеміз;
3. Музыкалық терминдерді түсініп, үйренеміз;
4. Біржан сал, Мұхит Мералыұлы жəне Кенен Əзірбаевтың əндерін тыңдаймыз жəне айтамыз;
5. Тыңдалған əндерге талдаулар жасаймыз.
24 24
Əн – халқымыздың тыныс-тіршілігімен ықылым заманнан бері біте қайнасып келе жатқан, тұрмыс-салтымызда ерекше орын алатын өнер. Əсіресе, қазақтың ауызекі түрде дамыған кəсіби əн өнері ХІХ ғасырдың екінші жартысында айрықша көркем құбылыс ретінде қазақ даласының əр өңірінде оқшауланып, əр аймақта тек сол өлкеге тəн өзіндік ерек- шелігімен дараланды. Алтайдан Атырауға дейінгі ұлан-ғайыр жерімізде əншілік дəстүр əуендік, орындаушылық ерекшеліктеріне байланыс- ты бірнеше өлкелік мектептер болып қалыптасты. Атап айтқанда, Алтай-Тарбағатай, Арқа, Жетісу, Сыр бойы, Батыс Қазақстан əншілік, орындаушылық дəстүрлері. Арқа əншілік мектебі – Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Естай, Мəди, Майра т.б., ал Сыр бойы – Жиен- бай, Нұртуған, Нартай əншілік-жыршылық мектебі, Жетісуда Сүйінбай, Жамбыл, Кенен, Дəнеш сияқты ақын-жыршы, əнші-композиторлардың шығармашылық мұралары өзіндік қолтаңбаларымен ерекшеленеді, Батыс əншілік мектебін ерекшелейтін Махамбет, Мұхит – жеке дара орындаушылық дəстүр болса, Маңғыстау жырлары жəне жеті қайқы əндері өзінше бөлек салаға бөлінеді. Сонымен қатар еліміздің шығыс өңірінде өзіндік ерекше нақышпен, жаңашыл бағытта қалыптасқан Абай жəне оның ақын, əнші шəкірттері Шəкерім, Ақылбай, Əсет, Уəйіс, Берікбол, Мұхамеджан, Шəкір Əбенов сияқты əнші-композиторлар- дың əншілік үрдісі өз алдына айрықша мектеп болып табылады.