Біржан сал Қожағұлұлы (1834–1897)
Қазақ халқының əншілік дəстүрінің кəсіби қалыптасуы сал-серілік өнермен тығыз бай- ланысты болды. Арқа əншілік мектебінің негізін қалаушылардың бірі, сал-серілік дəстүрдің көр- некті өкілі – əнші, композитор, ақын Біржан сал Қожағұлұлы 1834 жылы қазіргі Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданында дүниеге келген. Бозбала кезінен ел арасында əншілігімен көзге түсіп, жасы жиырмаға таяған кезде əн шығара бастаған. Біржан салдың дауысы өте зор, жеті қырдан асатын бол- ған. Əнші-ақындардың қасына еріп, той-думанның сəніне айналады. Өз атына «сал» атауы қосар- ланып айтылатын болды.