Барокко дегеніміз не?
Музыкадағы барокко (итальянша barokko – астарлы, əдеттен тыс) 1600–1750 жылдардың арасында Еуропада кең тараған өнер стилі. Ол əсіресе Италияда, Испанияда, Германияда, Францияда кең тарал- ған. Барокконың əлеуметтік негізі – шіркеудің жəне сол уақыттағы ақсүйектік қоғамның құдіретін дəріптеу.
Барокко кезеңінің композиторлары жəне орындаушылары музыка- лық классиканың ажырамас бөлігі болып табылады. Сол уақыттағы шығармалар қазіргі заманда кеңінен орындалады. Олар – Иоганн Себастьян Бахтың фугалары, Георг Фридрих Гендельдің «Мессия» ораториясынан «Аллилуйя» хоры, Антонио Вивальдидің «Жыл мез- гілдері» концерттері.
Музыкалық жанрлардың ауқымы кеңейіп, музыкалық шығарма- лардың күрделілігі арта түсті.