Балет – хореографиялық бейнелер арқылы сипатталған сахналық өнердің түрі. Классикалық балеттің негізінде драматургиямен бай- ланысқан уақиға желісі либретто арқылы баяндалады.
Балет Еуропа өнерінде XV–XVI ғасырларда сарай көрсетілімі ре- тінде Италияда пайда болды. Кейін ол Францияда сəн-салтанатты ойын-сауық ретінде дамыды. Балеттің дербес сахналық өнер ретінде қалыптасуы XVIII ғасырдың 2-жартысында француз балетмейстері Ж.Новеррдің бетбұрыс жасауымен байланысты. Ресейде өркендеген балет өнеріне П.И.Чайковский өлшеусіз зор үлес қосты. Оның «Аққу көлі», «Ұйқыдағы ару», «Щелкунчик» («Шерткіш») атты туындылары – балет өнерінің жауһарлары.
Қазақ елінде ХІХ ғасырдағы сал-серілердің əн мен күй өнерлерін- де би қимылдары жүзеге асты. Əншілер Берікбол Көпенұлы («Ағаш- аяқ»), Шашубай, күйші Тəттімбет əсем саз ырғағымен жылқыларды билетсе, Дəулеткерей мен Қазанғап «Ақжелең» бишіл күй ырғақтары арқылы жан дүние түкпірінде жатқан нəзік сезімдерін білдірді.
1934 жылы Алматы қаласында республикада тұңғыш хореогра- фия училищесі мектеп түлектерін қабылдай бастады. Ал Опера жəне балет театрының музыкалық студиясының жанынан балет тобы құрылды. Студияның алғашқы үйренушілерінің ішінде қазақтан шыққан тұңғыш кəсіпқой биші Ш.Жиенқұлова болды. Студиялықтар-
16 16
дың бірінші шығармашылық қадамы 1934 жылдың каңтар айында Мұхтар Əуезовтің «Айман – Шолпан» музыкалы қойылымына (Жұмат Шанин қойған) қатысудан басталды. 1937 жылы Қазақстандағы алғаш- қы балет – В.Великановтың «Қалқаман – Мамыр» туындысы сахналанды. 1967 жылы Қазақ КСР халық артисі Болат Аюхановтың жетекшілі- гімен тағы бір өнер ұжымы шаңырақ көтерді. Ол əуелі «Алматының жас балеті», ал 2003 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мемле- кеттік академиялық би театры болып қайта құрылды. Бұл ұжым классикалық балет миниатюраларымен бірге «Шопениана», «Кармен- сюита», «Болеро», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Шыңғыс хан», «Қыз Жібек» сияқты басқа да ұлттық, əлемдік хореографиялық бір актілі балеттерді орындап келеді. Сонымен бірге «Гүлдер», «Салтанат» би ансамбльдерінің репертуарын қазіргі эстрадалық хореографиялық би-
лер құрайды.