АҢЫЗ БОЛҒАН ҚҰЛАГЕР

АҢЫЗ БОЛҒАН ҚҰЛАГЕР

Қоқанның жібегіндей жеңіл құйрық. Не қою, не болмаса емес сұйық.
Бұтының арасынан ел көшкендей,
Жамбастың басы делдек, қуыс қолтық.

Шүйделі, щоқтығы өргек, шідерлігі.
Серке сан, желмаядай тілерсегі. Тау желін тартса жұтқан талыс танау, Тынысты, кеңде жатыр кеңірдегі.

Жүрсе де жаздай құры, болмайды тоқ. Кез жарым кесер баста кесім ет жоқ.
Қақпан бел, қалбағайлы, үңгір сағақ,
Шапса жел, мінсе жайсаң, тұрса селсоқ, —

деп аты ен қазаққа аңыз болған Құлагер ат ақын Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» атты поэмасына арқау болды. Құлагер ат қазақ халқының еркелетіп төбесіне көтерген Ақан серінің жан серігі еді. Ақан серіні Құлагерден бөліп алып қарау мүмкін емес. Қазақ жерін, елі мен халқын әнімен баурап, қойнына басқан Ақанға жан серігі Құлагерден айрылуы басына түскен ауыр әрі орны толмас қаза болды. Ақанның басына түскен бұл ауыр қайғыны ақын Ілияс Жансүгіров өзінің «Құлагер» атты поэмасында кеңінен толғайды. Қазақтың дәстүрімен өмірден өткен белгілі адамдарды еске алып, оның дақпыртын тағы бір елхалыққа таратпақ ниетпен Сағынай деген кісіге үлкен ас беріледі. Осы аста ат бәйгесі де болады. Ат бәйгесіне 1300 тұлпар тіркеледі. Соның ішінде Құлагер де бар. Бірақ Құлагерді алып келген Ақан серінің қас жауы Батыраш байда өзінің Көктұйғын деген атын қоспақ еді. Батыраш бай Ақанның халықтың сүйіспеншілігіне айналған сері аты мен Құлагеріне деген қызғанышын жасыра да алмайды. Батыраш бүкіл байлық, бақ-дәулет, атақ-даңқ, тіпті аттың жүйрігі де менде ғана болу керек деген оймен Құлагерге қастандық жасауды ойлайды. Құлагерін бәйгеге қосып жіберген Ақанның ойында ештеңе жоқ. Ол жиылып қалған халыққа әнін салып мәз-мәйрам болуда. Мыңдаған атты баса озып жалғыз шауып келе жатқан Құлагерді көрген Батыраштың көңілі ашу мен кекке толады. Оның ойында тек қана Құлагерді жеткізбей көзін жою. Иә, Батыраш Құлагерді мерт қылады. Ақан жалғыз серігі Құлагерден айрылады. Ақын Ілияс Жансүгіров:

Көргенде ол мынадай сұмдық істі.
Үстіне Құлагердің құлап түсті. Білмеді не болғанын, айрылды естен, Аймалап Құлагердің басын құшты.

Құлагер қорқырайды қаныменен.
Ақан да шырқырайды жаныменен.
Егіліп, төгіледі Ақан сері,
Зарлаған Құлагердің әніменен…

деп Ақан зар қылады:

Осылай Ақан зарлап жылап жатты.
Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айырылды ол, аттан — жақсы, достан — тәтті.

Аспанда күн күйігіп, күйді қатты.
Өкіріп жел мен жер де жылап жатты. Ереймен бұлақтары көлге жылап,
Серіге көл күрсініп көңіл айтты…

Қазақтың жиылған халқы тіпті тау мен тасы, жері мен көлі, ұшқан құсы да ақынның тілімен Ақан үшін зар қаққандай әсерлі бейнеленеді. Құлагердің қазасы Ақанның әнін туғызбай қоймайды. Ақан Құлагерім деп жоқтау әнін төге жөнеледі. Бұл ән естіген халықтың жанын қайыстырғандай болады. Ел аузында Ақан мен Құлагер ат аңыз болып мәңгіге сақталады. Ақын Ілияс Жансүгіров:

Аты өліп, астан Ақан шаршап қайтты. Ауылға оның әнін малшы ап қайтты. Ел-елден Ерейменге жиылған жан,
Еліне «Құлагер» деп ән сап қайтты…

Ән тыңдайық:
Ақан серінің «Құлагер» әнін
Қайрат Байбосыновтың орындауында тыңдап көрелік!

Ойлан да айт!
«Әннің де естісі бар, есері бар.
Тыңдағанда құлақтың тесері бар», — деген ұлы ақын Абайдың өлең сөздерін қалай түсінесің?
Ақанның «Құлагер» әні жайлы өз ойыңды қалай жеткізер едің?


Біліп ал!

Ілияс Жансүгіров – (1894-1938) Алматы облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Ілияс жасынан әкесі мен ауыл молдаларынан сауат ашқан. Ол 1928 жылы Мәскеудің журналистика институтын оқып тауысады. Ол алғашында мектепте мұғалім болып қызмет атқарады. Кейін келе көптеген қазақ баспаларында қызмет етеді. 1937 жылы жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы ату жазасына кесіледі. Ілияс Жансүгіров нағыз Отаншыл, елі мен жерін шынайы сүйген қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік ақын. Ол өзінің соңында көптеген өлеңдер мен поэмалар, пьессалар мен романдар жазып қалдырды. Әсіресе оның «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмаларын халық сүйіп оқиды.

Білесің бе!


Ақан сері – (1843-1913) бұрынғы Көкшетау облысында өмір сүрген. Ақанның шын аты- Ақжігіт Қорамсаұлы. Ол жасынан ауылдың молдасынан, сонан соң
Қызылжардағы Уәли молдадан оқыған. Ол Біржан салды ұстаз тұтқан. Халықтың ел еркесіне айналып ол сері атанған. Ол өзінің ізінде көптеген әндер қалдырған. Атап айтсақ, «Маңмаңгер», «Сырымбет», «Балқадиша»,
«Қараторғай», «Құлагер» т.б.

Сұрақтар:

1. Ақан серінің Құлагер атын жырға қосқан кім?
2. Не себепті Батыраш бай Ақан серімен өштеседі?
3. Ақан сері Құлагер атынан қалай айрылады?
4. Ілияс Жансүгіров Құлагердің өлімін қалай бейнелейді?

Тапсырма:

1. «Аңыз болған Құлагер» тақырыбын оқып кел. 2. Домбырада «Құс қайтару» күйінің буындарын қосып орындап кел.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *