АБСОЛЮТТІ ТАБАЛДЫРЫҚ

АБСОЛЮТТІ ТАБАЛДЫРЫҚ (лат.

absolutus – қаз. шектелмеген) А.т.- түйсік табалдырығының шегі. Ол тітіркендіргіштің болмағаны түйсік тудыратын шамасы азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі арта тү- седі. Әpбip түйсік түрлері үшін өзі- нің А.т. болады.

Мәселен, қараңғыға бейімделген көз жарықтың 7 квантына жауап береді. Көру арқылы адам қараңғыда көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жарығын қабылдайды, со- нымен қатар, қолсағаттың жүрісін тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажы- рата алады. Дәмді сезуде өзінің ерек- шелігі бар. Иіс сезу – бөлмеде бip тамшы әтіp сепкенде оның иісі сезі- леді. А.т. жүйке жүйесінің сезімтал-

 

             

дығының модальдығы ретінде пайда- ланылады.

А.т. тітіркендіргіштің жауап беру реакциясын тудыратын шамасының көрсеткіші болып танылады. Жануар- ларда А.т. тек ағза өмірінің биология- лық жағдайларының ықпалымен ға- на дамиды. Мыс., құстардың көздері көргіш, ит иісшіл және естігіш келеді. Адамның сезгіштігі – биологиялық дамудың ғана нәтижесі емес, соны- мен қатар адамзаттың әлеуметтік та- рихының нәтижесі. Адамға әртүрлі тітіркендіргіштер әсер етеді, бipaқ со- ның бәpi түйсік туғыза бермейді. Біз түнде аспандағы жұлдыздардың кө- бін көрмейміз, бipaқ олардан сәуле шығып жатады, көрші бөлмеде жай- лап сөйлесіп жатқанды естімейміз, өйт- кені онан біздің, есту аппаратымыз- ға келіп жатқан дыбыс толқындары бізге түйсік туғыза алмайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *