АБЕРРАЦИЯ – (лат. aberratio – қаз. қашу, аулақ болу, алжасу) – тұрақты қалыптан ауытқу; ағзаның дағдылы қалыптан ауытқуы. Көздің оптика- лық жүйесінің нәрсені күңгірт бейне- леуін түсіндіруде қолданылады. Жа- рық сәулесінің линзадан шағылысып өткенде бір нүктеде қиылыспай, бұр- маланған кескінді көрсетуден тұра- тын құбылыс. Сфералық және хрома- тикалық А. болады: Сфералық А. жағ- дайында жарық сәулелері линзаның перифериялық нүктелері арқылы өт- кенде, оның ол нақ орталық бөлігі- нен өткен сәулелерге қарағанда жа- қын бipiгеді. Хроматикалық А. жағда- йында спектрдің қысқа толқынды сәу- лелерінің (әcipece, көк күлгін түсті) фокусы ұзын толқынды сәулелерінің (қызғылт, сары-қызғылт) фокусына жақын орналасқан. А.-ның түйсіну мен қабылдау процестеріне әсері бар.
АБИОТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР
(а…+ грек. bios – қаз. өмір) – адамның функционалдық күйіне, оның еңбек қабілетіне, мінез-құлқы мен психи- касына әсер ететін сыртқы орта жағ- дайларының жиынтығы. Атмосфе- ралық қысымның толқуы, жердің маг- ниттік өрісінің өзгеруі, күн сәулесі- нің артуы организмнің физиология- лық және психикалық тұрақтылығын төмендетеді, жұмыс барысында стрес- тің пайда болуына әкеледі.
АБСОЛЮТТІК ЕСТУ – индивид- тің полифониялық дыбыстарды жо- ғарылығы белгілі басқа дыбыстармен қатаң салыстырмай, олардың жоға- рылығын дауыспен дұрыс қайта жаң- ғыртып, анықтай алуы. А.е. – бұл му- зыкалық естудің абсолютті модальды- ғы, оның сипаттамасы емес, ол дыбыс- тарды қабылдаудың айрықша түpi. A.
- жоқ адамдар белгілі бip дыбыстар-
ды өз дауысының ең жоғарғы және ең төменгі дыбыстың ырғақтарын салыстырып, жақсы қабылдап, дұрыс ажыратып, тани алатын индивидтер- дің ecтуі квазиабсолюттік есту деп аталады. А.е. бар адамдар eшбip қо- салқы акустикалық-жоғарылатқыш байланыстарды қолданбай музыка- лық тондарды дұрыс қабылдап, тани және нақты тауып ала алады. А.е., әдетте, балалық-жасөспірімдік кезең- де жақсы анықталады.