ҚҰРҒАҚ АЙДАУ, сублимация (латынша «сублимаре – көкке көтеру») – заттың сұйық фазаға соқпай қатты күйден тікелей газтәрізді күйге ауысуы.
ҚЫРАУ – жұқа біркелкі емес мұз кристалдары. Ауадағы су буының сублимациясынан топырақ бетінде, шөптердің және басқа заттар бетінде ауаның температурасынан төменгі температураға салқындататын радиациялық салқынның әсерінен пайда болады. Көбінесе аспан ашық, желсіз түнде қырау түседі.
ҚЫСҚАРУ – кез келген мөлшерлердің, ұзындық өлшемдердің, т.б. кемуі.
Лоренцтік қысқару – масштабтардың қысқаруымен мағыналас.
Масштабтардың қысқаруы – салыстырмалық теориясындағы дененің тыныштықта болатын санақ жүйесімен салыстырғанда денелердің қозғалыс бағытында осы дене өлшемдерінің кемуі.
ҚҰРАМА ЯДРО – ядролық реакцияның өтуі кезінде соққылауыш бөлшек- тердің нысана-ядромен бірігуі нәтижесінде пайда болатын ядролық жүйе. Құ- рама ядро тұрақсыз, қысқа мерзімде реакцияның ақтық өніміне айналады. Бөлшектердің қосқан энергиясы денелерді қыздырған кездегідей құрама ядроның барлық еркіндік дәрежелері арасында таралады. Статистикалық кездейсоқ ауытқу (флуктуация) салдарынан бір немесе бірнеше ядролық бөлшектер энергияның орташа мәнінен артық энергияға ие болуы, осының нәтижесінде әлгі бөлшектер «қызған» ядродан бөлініп шығуы мүмкін. Осы үрдіс (процесс) сұйықтың булануына ұқсас, құрама ядроны ыдыратады. Құрама ядроның «өмір сүруінің» орташа ұзақтығы (10-22 – 10-21 секунд) ядро орналасқан кеңістік арқылы шапшаң бөлшектер ұшып өтетін уақыттан көптеген есе артады. Құрама ядроның болуы реакцияның резонанстық энергетикалық тәуелділігінің ықтималдығынан білі- неді. Бөлшектердің белгілі бір энергияларында құрама ядроның күйлеріне сәйкес кенеттен максимумдар байқалады. Құрама ядро туралы түсінікті алғаш рет 1936 жылы дат физигі Нильс Бор (1885 – 1960) ұсынған. Құрама ядроның термодинамикалық теориясын 1936 – 37 жылдары американ физиктері Ханс Бете (1906 – 2004) және Виктор Вайскопф (1908 – 2002), орыс физигі Лев Ландау (1908 – 1968) дамытқан.
«ҚҰРҒАҚ МҰЗ» – көміртектің (СО2) қатты қос тотығы – 78,5°С-та сұйық күйге ауыспай бірден буға айналады, сол себепті «құрғақ» мұз деп аталған.