ҚҰРЫЛЫМ, физикада – заттардың микроскопиялық және макроскопия- лық түзілімдерінің (құрылыстарының) сипаттамаларының жинақтауыш атауы.
Аса жұқа (нәзік) құрылым – атом электрондарының атом ядросының магнит- тік моментімен өзараәсерлесуін тудыратын атомдар энергиялары деңгейлерінің жақын орналасқан кіші деңгейлерге ыдырауы.
Баяулатқыш құрылым – фазалық жылдамдығы жарықтың вакуумдағы жылдамдығынан кем (баяу) электрмагниттік толқындарды тудырушы әрі бағыттаушы құрылғы.
Геликоидальдық магниттік құрылым – бірқатар атомдардың магниттік моменттерін бейнелейтін векторларының ұштары винттік сызықтарда жататын магнетиктік құрылым.
Жұқа (нәзік) құрылым – атмодардың, молекулалардың және кристалдың спин-орбиталық өзараәсерлесуі себебіне байланысты энергия деңгейлерінің және спектрлік сызықтардың ыдырауы.
Зоналық құрылым – электрондардың кристалдарда энергетикалық зоналар бойынша үлестірілуі.
Магниттік құрылым – кристалдағы атомдық магниттік моменттердің қайталанбалы (периодты түрде) кеңістіктік орналасуы мен бағдарлануы.
Шашырамалы құрылым – энергияның шашырауы болатын және өздік құрылу үрдісінің (процесінің) өтуі мүмкін тепе-теңсіз термодинамикалық ашық жүйе.
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУ, құрылымдық анализ – металдар мен материалдардың кристалдық құрылымын рентген сәулелері, электрондар мен нейтрондардың дифракциясы арқылы зерттеу. Осыған орай құрылымдық талдау рентгендік талдау, электрографиялық талдау және нейтрографиялық талдау болып ажыратылған. Осы құрылымдық талдаулар рентгендік құрылымдық талдау, нейтрография және электрография деген жеке-жеке мақалаларда баяндалған.