ҚЫСҚАША ТҰЙЫҚТАЛУ

ҚЫСҚАША ТҰЙЫҚТАЛУ – әртүрлі потенциалды электр тізбектерінің бір-бірімен өзара немесе өзге бір тізбекке алдын ала қарастырылмаған аз кедергі арқылы кездейсоқ жағдайда қосылуы (жалғасуы). Қысқаша тұйықталу айнымалы ток желісінде фазалар (2 және 3 фазаның) арасында болуы мүмкін. Тұрақты ток желісінде қысқаша тұйықталу полюстер аралығында немесе полюс пен жер арасында болады. Қысқаша тұйықталу электр қондырғыларының бөліктерінің оқшаулауыштарының (изоляцияларының) істен шығып бүлінуінен пайда болады және тізбектегі ток күшінің кенеттен едәуір шамаға артуымен қабаттасып өтеді, осы жайт электр жабдықтарының зақымданып бүлінуіне әкеп соқтырады. Қысқаша тұйықталу кезінде электр тұтынушыларға қажет электр кернеуі төмендеп кетеді. Қысқаша тұйықталудың қауіпті зардаптарын болдырмас үшін токты шектеуіш реакторлар қолданылады, электр желілерінің бөліктері топталады, қысқаша тұйықталу бола қалған учаскелерді ток желілерінен тез арада ажыратып жіберетін автомат құрылғылар (релелік қорғау, автоматты ажыратқыштар) пайдаланылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *