ҚЫЗЫЛ ЫҒЫСУ

ҚЫЗЫЛ ЫҒЫСУ – эталондық спектрлердің сызықтарымен салыстырғанда электрмагниттік спектр көздері сызықтарының толқын ұзындықтарының (λ) артуы (ұзаруы) (сызықтардың спектрдің қызыл бөлігіне қарай ығысуы). Қызыл ығысу сан жүзінде z = (λқаб – λшығ) / λшығ шамасымен сипатталады, мұндағы λшығ және λқаб – сәйкес түрде көз шығарған сәуле толқыны ұзындығы мен бақылаушы қабыл- даған (сәуле қабылдағышы) сәуле толқынының ұзындығы. Қызыл ығысудың шығуына екі жағдай себепші болады. Доплер эффектісіне байланысты қызыл ығысу – жарық көзінің бақылаушыға қатысты қозғалысы олардың ара қашықтығының артуына (ұзаруына) әкеп соқтыратын жағдайда пайда болады. Релятивтік жағдайда (яғни жарық жылдамдығындай жылдамдықтарда) сәуле көзінің қозғалыс жылдамдығы (υ) сәуле қабылдаушыға қатысты жарық жылдамдығына (с) қарайлас болған кезде қызыл ығысу сәуле көзімен оны қабылдағыштың ара қашықтығы артпайтын (Доплердің көлденең эффектісі деп аталған) жағдайда пайда болуы мүмкін. Осы жағдайда пайда болатын қызыл ығысуды сәуле көзінде қабылдаушыға қатысты уақыттың релятивтік баяулау- дың нәтижесі ретінде түсіндіруге болады. Шалғайдағы галактикалар мен квазарларда байқалатын космологиялық қызыл ығысу жалпы салыстырмалық теория негізінде Метагалактикалардың ұлғаюы (галактикалардың өзара бірінен-бірінің қашықтауы) ретінде түсіндіріледі. Метагалактикалардың кеңеюі өткен дәуірлер- ден сақталып қалған (реликті) сәулелердің толқын ұзындығының артуына және оның кванттарының энергиясының (яғни реликті сәулелердің салқындауына) кемуіне әкеп соқтырады.

Гравитациялық қызыл ығысу жарық қабылдағыш сәуле көзіне қарағанда гравитациялық потенциалы аз аймақта болған кезде пайда болады. Бұл жағдайдағы қызыл ығысу – гравитацияға қатысушы массалар маңайында уақыт ырғағының баяулауының салдары болып табылады. Гравитациялық қызыл ығысудың мысалына тығыз жұлдыздардың – ақ ергежейлі жұлдыздардың спектрлеріндегі сызықтардың ығысуы жатады. 1959 жылы Мессбауэрдің эффектісін пайдалана отырып Жердің гравитациялық өрісінің қызыл ығысуын өлшеу жүзеге асырылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *