ҚОЗҒАЛЫС

ҚОЗҒАЛЫС  – ф и л о с о ф и я л ы қ  ұ ғ ы м бойынша  – материя болмысының мәңгілік формасы, материяның жасауы, материялық нысанның (объектінің) кез келген өзараәсерлесуі. Бір сөзбен айтқанда материясыз қозғалыс жоқ және қозғалыссыз материя болмақ емес. Материяның қозғалысы абсолютті, кез келген тыныштық салыстырмалы және қозғалыстың бір сәті болып есептеледі (мысалы, дене Жерге қатысты тыныштықта болғанымен, онымен бірге Күнді айналып қозғалады, т.б.).

Қозғалыстың негізгі формалары: механикалық және физикалық (жылулық, электрмагниттік, гравитациялық, атомдық және ядролық), химиялық, биологиялық, т.б. қозғалыстар болып табылады.

ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІ, импульс – механикалық қозғалыстың материал- дық нүкте үшін оның массасының (m) жылдамдыққа (υ) көбейтіндісіне тең өлшеуіші. Қозғалыс мөлшері – нүкте жылдамдығының бағытымен бағыттал- ған векторлық шама. Нүктенің қозғалыс мөлшері күштер әсерінен, жалпы жағ- дайда сан жүзінде де және бағыты бойынша да өзгереді; осы өзгеріс динамика- ның екінші (негізгі) заңымен анықталады. Қозғалыс мөлшері кейде им- пульс деп те аталады.

Механикалық жүйенің қозғалыс мөлшері (Q) оның барлық нүктелерінің қозға- лыс мөлшерлерінің геометриялық қосындысына немесе бүкіл жүйенің масса- ларының (М) жүйенің массасы орталығының жылдамдығының (ϑж) көбейтін- дісіне тең: Q=Σmk·ϑk=M·ϑж¸ мұндағы k – жүйедегі нүктелер саны. Жүйенің қозға- лыс мөлшері тек сыртқы күштердің әсерінен ғана өзгереді. Қозғалыс мөлшерінің өзгеру теоремасы бойынша: Q1 – Qо=ΣЅеk, мұндағы Qо және Q1 – жүйенің бел- гілі бір уақыт аралығының бастапқы және соңғы кездеріндегі қозғалыс мөлшер- лері, Ѕеk – осы уақыт аралығындағы сыртқы күштер (Fеk) импульсі.

Тұйық жүйе, яғни сыртқы күш әсер етпейтін жүйе үшін қозғалыс мөлшері- нің сақталу заңы орындалады. Бұл жағдайда жүйенің жеке бөліктерінің қозға- лыс мөлшерінің өзгеруі мүмкін (мыс., ішкі күштердің әсерлерінен), бірақ жалпы жүйе үшін Q=Σmkυk теңдігі тұрақты болады. Реактивті қозғалыс, қарудың атылуы кезіндегі тебіліс (дүмпу), еспе винттің жұмысы, т.б. осы заң арқылы түсіндіріледі. Жарық жылдамдығына (с) жуық жылдамдықпен қозғалған еркін бөлшектің қозғалыс мөлшері немесе импульсі мына формула бойынша анықталады: р = m·υ/  ² , мұндағы β = υ/с. Егер υ<<с болса, онда формула мынадай түрге өзгереді: р = m·υ. Физикалық өрістердің де (электрмагниттік, гравитациялық, т.б.) қозғалыс мөлшері болады. Өрістің қозғалыс мөлшері өріс қозғалыс мөлшерінің тығыздығымен сипатталады және ол – өріс кернеулігі немесе потенциалы ар- қылы өрнектеледі.

ҚОЗҒАЛЫС МӨЛШЕРІНІҢ МОМЕНТІ, кинетикалық моментматериалдық нүктенің немесе жүйенің механикалық қозғалысының өлшеуіш- терінің бірі. Бұл момент әсіресе, айналмалы қозғалысты зерттеуде елеулі ма- ңызы бар. Күш моменті тәрізді қозғалыс мөлшерінің моменті (К) де орталыққа (нүктеге) және оське қатысты ажыратылады. О орталығына қозғалыс мөлшерінің моменті – қозғалыс мөлшері () мен О орталығынан берілген түзуге дейінгі (бойымен қозғалыс мөлшерінің векторы бағытталған) ең қысқа қашықтықтың көбейтіндісіне тең, яғни К0=[r∙mυ] мұндағы r – қозғалыстағы нүктенің радиусы. Ол О орталығы мен арқылы өтетін жазықтыққа перпендикуляр бағытталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *