ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ДЕНЕ МАССА – салыстырмалық теорияның негізіне сәйкес қозғалыстағы дененің массасы оның тыныштық жағдайдағы массасынан (тыныштық массасынан) артық және де жылдамдық артқан сайын үздіксіз өсетін болады. Классикалық механиканың көзқарасы бойынша дененің массасы оның қозғалысына тәуелді болмайтыны белгілі. Ғарыштық жылдамдықпен ұшатын кәдімгі денелер үшін массаның артуы елеусіздей аз шама, оны осы заманғы ешқандай өлшеуіш аспаптармен өлшеу мүмкін емес. Бірақ та жарықтың тара- лу жылдамдығына (с) жуық шапшаңдықпен қозғалатын атомдық бөлшектер үшін салмақтың артуы едәуір еленетін шамада болады. Мысалы, 1000 эВ энер- гиялы 18 720 км/сек жылдамдықпен қозғалатын электронның массасы 2,957 есе, ал энергиясы 10 МэВ-қа тең және жылдамдығы жарық жылдамдығына жуық электронның массасы 20,58 есеге артады. Жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғалатын дененің массасы шексіз үлкен болса, денеге әсер етуші үдеткіш күш те шексіз үлкен болмақшы.
Осы айтылғандардан ешбір материалдық нысан (объект) ешқашан жарық жылдамдығына тең жылдамдықпен қозғала алмайды немесе одан аса да алмайды деген қорытынды шығады. Сондықтан жарық жылдамдығындай шапшаңдықпен тек тыныштық массасы нөлге тең нысан ғана қозғала ала- ды. Осы жайт әлгіндей массалы дене жалпы алғанда тыныштықта бола алмайды, оның әрқашан да жарық жылдамдығымен (с) қозғалуы тиіс. Тыныштық массасы нөлге тең нысан – жарық, дәлірек айтсақ, жарық кванты – фотон.