ҚОЗҒАЛТҚЫШ – кез келген энергия түрлерін механикалық жұмысқа түрлендіретін машина (құрылғы). Қозғалтқыштар бірінші текті және екінші текті деп екіге ажыратылған. Бірінші текті қозғалтқыш (мысалы, бу, газ, жел) табиғи энергетикалық ресурстарды (отын, су энергиясын, ядролық энергияны, жел энергиясын, т.б.) тікелей механикалық жұмысқа түрлендіреді; е к і н ш і т е к т і қ о з ғ а л т қ ы ш бірінші текті қозғалтқыш (мысалы, сағылған ауа энергиясын пайдаланатын электрқозғалтқыш, ауа қозғалтқыш) арқылы алынған энергияны түрлендіреді.
Бірінші текті мәңгі қозғалтқыш – алғаш рет қозғалтқан соң сырттан ешқандай энергия тұтынбастан шексіз ұзақ уақыт жұмыс істей алмақшы деп болжалданған қозғалтқыш.
Екінші текті мәңгі қозғалтқыш – қоршаған орта денелері беретін жылуды түгелдей жұмысқа түрлендіре алады делінген периодты әрекетті болжалды машина.