ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОРТАЛАРДАҒЫ ЭЛЕКТРДИНАМИКА

ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОРТАЛАРДАҒЫ ЭЛЕКТРДИНАМИКА – электрдина- миканың дербес жағдайда электрмагниттік толқындардың қозғалыстағы орталарда таралу заңдарын зерттейтін саласы. Осы электрдинамикаға жарықтың қозғалыс- тағы орталардағы таралуы да енген. Қозғалмалы орталардағы электрдинамика бойынша ғылыми тәжірибелік мағлұматтар бірнеше ғасырлар бойы жинақталған, бірақ та оның толық түсініктемесі тек 1905 жылы Альберт Эйнштейннің (1879 – 1955) арнайы салыстырмалық теориясы пайда болғаннан кейін ғана аян болды.

1908 жылы неміс математигі әрі физигі Герман Минковский (1864 – 1909) Эйнштейннің салыстырмалық принципімен үйлесімді тыныштықтағы орталарға арналған Максвелл теңдеулері электрмагниттік өрісті бірмәнді анықтайтынын көрсеткен. Қозғалмалы (тұрақты жылдамдықтағы) ортадағы өрістерге арналған теңдеулер тыныштықтағы Максвелл теңдеулерімен үйлеседі, бірақ электр өрісі (Е) мен магнит өрісінің (Н) кернеуліктерін қозғалыстағы ортаның электрлік (D) және магниттік (В) индукцияларымен байланыстыратын материалдық теңдеу- лері өзгеше болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *