ҚИМА, эффектілік қима– соқтығысушы бөлшектердің шашырауының (серпімді немесе серпімсіз) нәтижесінде осы бөлшектер жүйесінің белгілі бір негізгі соңғы күйге ауысу ықтималдығын сипаттайтын шама. Қима (σ) нысанға түсетін уақыт бірлігіндегі әлгіндей ауысулар санының (dΝ) шашыраған бөлшектер ағынының тығыздығын (n), яғни уақыт бірлігінде бөлшектердің жылдамдығына перпендикуляр бірлік аудан арқылы өтетін бөлшектер санының қатынасына тең (n – нысанаға түсетін бөлшектердің тығыздығы): σ=dΝ/n. Сонымен, қима – ауданның өлшемдігіне ие. Бөлшектердің шашырауы кезінде байқалатын әр қилы ауысуларға әртүрлі қима сәйкес болады. Бөлшектердің серпімді шашырауы уақыт бірлігінде денелік бұрыш бірлігіндегі бөлшектер санының түсетін бөлшектер ағынына қатынасына тең (dΩ – денелік бұрыштың бөлігі) дифференциалды қимамен (dσ/ dΩ) және толық денелік бұрыш бойынша алынған дифференциалды қиманың интегралына тең толық қимамен (b) сипатталады: Ω=4π стер. Серпімсіз үрдістердегі толық қима серпімді және серпімсіз үрдістердегі қималардан құралады.