ҚАРМАУ

ҚАРМАУ, физикада – қарапайым бөлшекті ұстау, жұту мағынасында қолданылатын ұғым.

К-қармау – атом ядросының өзіне жақын орбитадан – К-қабықшадан электронды ұстап қалуы.

Радиациялық қармау – атом ядросының нейтрон жұтуы, осының нәтижесінде пайда болған ядро гамма-квант немесе ішкі конверсия электрондарын шығару арқылы қозған күйден негізгі күйге ауысуы.

Электрондық қармау – атом ядросының электрондық қабықшадан өзіне жақын орналасқан қабықшаның біреуінен электрон жұтуымен бір мезгілде нейтрино шығаруы (таратуы).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *