ҚАРА ДЕНЕ – кейде абсолют қара дене осылай да аталады.
ҚАРА СӘУЛЕ – абсолют қара дененің жылулық сәулесі. Тепе-теңдік сәуле болып табылады. Сәуле шығарушы заттардың табиғатына тәуелді емес және оның температурасымен анықталады. Қара сәуле Планктің сәуле шығару заңына, Стефан – Больцманның сәуле шығару заңына және басқа жылулық сәуле шығару заңдарына бағынышты.