ҚАРАПАЙЫМ ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ

ҚАРАПАЙЫМ ЭЛЕКТР ЗАРЯДЫ (е) – электронның зарядының шамасына тең оң немесе теріс ең кіші электр заряды: е = 4,803250 (21)·10–10 СГСЕ бірлігі = 1,6021892 (46)·10–19 К. Барлық дерлік қарапайым бөлшектердің + е немесе – е электр заряды болады немесе зарядталмаған болады (е-ге еселі кейбір резонанстарды қоспағанда, мысалы, 2е зарядты Δ++). Электр зарядының мұндай «квантталуының» табиғаты анықталмаған. Электр заряды бөлшек санға тең бөлшектер байқалмаған, бірақ та қарапайым бөлшектер теориясында адрондардың іргелі құраушысы болатын бөлшектің (кварктердің) заряды 1/3е-ға еселі болады деп болжанған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *