МАГНИТДИЭЛЕКТРИКТЕР

 

МАГНИТДИЭЛЕКТРИКТЕР – әртекті магниттік ұнтақтар (ферро-және ферримагнетиктерден құралған) мен диэлектриктің (бакалиттің, полистиролдың, резинаның) механикалық қоспалары болып табылатын магниттік материалдар; макрокөлемдерде мөлшерлері мен әрқилы қоспаларға тәуелді, электрлік кедергісі жоғары болады. Магнитдиэлектриктер магниттік-қатты материалдар ретінде де және магниттік-жұмсақ материалдар түрінде де бола алады. Магниттікжұмсақ магнитдиэлектриктер негізінен карбонильдік темірдің, молибден пермалойы мен алсиферасының майда ұнтақтарының қоспалары түрінде алынады; олар индуктивтік орамдардың өзекшелерін, сүзгілердің, дроссельдердің және басқа 104 – 108 Гц жиіліктерде жұмыс жасайтын радиотехникалық құрылғыларда қолданылады. Магниттік-қатты магнит-диэлектриктер ални (Fe– Ni– Аℓ– Сu), алнико (Fi – Ni – Аℓ –Со) қорытпаларының, ферриттердің ұнтақтарынан жасалады. Осы магнит-диэлектриктердің коэрицитивтік күші массивті материалдарға қарағанда бірнеше ондаған % аз, ал қалдық индукциясы екі есеге жуық аз. Магнитдиэлектриктер аспаптар (тұрақты магниттер, алмалы-салмалы қосылыстарға арналған ауа жібермейтін эластикалық герметизаторлар т.б.) жасауда қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *