МАГНИТ

МАГНИТ [грекше «Магнетис Литос – Магнесианың тасы», Кіші Азиядағы Магнесия қаласының атынан қалыптасқан] – темір рудасының кесегі немесе темірді, болатты, кобальтті тартқыш қасиеті ерекше болатын арнайы қорытпалардан жасалған дене.

МАГНИТ, а с қ ы н ө т к і з г і ш  м а г н и т – асқынөткізгіш материалдан жасалған орамды соленоид немесе электрмагнит. Асқынөткізгіштік күйдегі орамның омдық кедергісі нөлге тең болады. Егер орам қысқаша тұйықталған болса, онда оған берілген (жіберілген) ток іс жүзінде ұзақ уақыт өзгермей айналатын және магнит өрісі тұрақты болады. Асқынөткізгіш магнит 150–200 кГкүш өріс алуға мүмкіндік жасайды.

Асқынөткізгіш магниттік орамы температура кризистік температурадан (Тк) артқан кезде орамдағы кризистік ток (Ік) немесе кризистік магнит өрісіне (Нк) жеткенде асқынөткізгіштігін жояды. Асқынөткізгіш магнит заттардың магниттік, электрлік және оптикалық қасиеттерін зерттеу (плазманы, атом ядросын және қарапайым бөлшектерді) үшін пайдаланылады. Асқынөткізгіш магнит энергияны іс жүзінде шексіз уақыт сақтауға арналған индуктивті жинақтағыштар жасау мүмкіндігін ашпақ.

МАГНИТ, тұрақты – меншікті магниттік өрісі болатын дене; магниттеуші өрістің ықпалы тоқтатылғаннан кейін де күшті магниттік индукцияны сақтай алатын, алдын ала магниттелген ферромагниттік немесе ферримагниттік материалдардан белгілі бір пішінді (таға тәрізді, жолақ т.б.) болып жасалған бұйым. Тұрақты магнит – автономды тұрақты магниттік өрістің көзі ретінде электртехникада, радиотехникада және автоматикада кеңінен қолданылады. Тұрақты магниттің қасиеттері магнит жасалған материалдың магниттік гистеризисінің тұзағының магнитсіздендіру тармағының сипатымен анықталады.

Коэрцитивті күш (Нк) және материалдың қалдық магниттік индукциясы (Вr) қаншалықты үлкен болса (сызбаға қараңыз), ол соншалықты магнит үшін жарамды болады. Егер магнит тұйық магнитөткізгіш болса ғана магниттегі индукция ең үлкен қалдық индукцияға (Вr) тең бола алады.

Әдетте магнит полюстерінің аралығындағы ауалық саңылауда магниттік ағын тудыру үшін қолданылады (мысалы тағатәрізді магниттің полюстерінің арасында) ауа саңылауында (мысалы, доға тәрізді

Ферромагнетиктердің магнитсіздендіру (а) магниттің полюстерінің аралығында және магниттік энергия (б) қисық сызықтары: магниттік ағын тудырады). Ауалық Вr – қалдық магниттік индукция; Нк – коэрцитивтік күш; Нd –магнитсіздендіруші саңылау магниттік индукцияны (және өріс; Вd – Нd өрістегі индукция магниттелуді) кемітеді; саңылаудың

ықпалы сыртқы магнитсіздендіруші

өріс (Нd) әсеріне ұқсас. Қалдық индукцияны (Вz) Вd мәніне дейін кемітетін Нd өрісінің мәні (сызбаға қараңыз) магниттің сырт пішіні бойынша анықталады. Сонымен, магнит арқылы индукциясы ВВr болатын магниттік өріс тудыруға болады. Егер магниттің күйі магнитсіздендіру қисығының (ВН)mах максимал мәнді нүктесіне, яғни материалдық бірлік көлемінің максимал магниттік энергиясы сәйкес келсе, магниттің әсері барынша эффектілі болады.

Магнит Fe, Со, Ni, Аℓ негізді қорытпалардан, гексагональдық ферриттерден т.б. жасалады. Магнит үшін ең эффектілі материалдарға ферримагнитті металаралық сирек кездесетін металдардың қоспалары Sm және Со қоспалы Nd (SmСо5) жатады. Осы қоспалардың (ВНmах) шамалары рекордтық жоғары шамалар болды.

Магнит жасауға қолданылатын материалдар магниттік темір тас, магниттелуші магниттік қатты-материалдар (тұрақты магнит үшін). Магнит темірді, никельді т.б. металдарды өзіне тарта алады. Еркін ілінген магнит (мысалы, компастың магниттік тілі) Жердің магнит өрісінде компастың полюстерін қосатын түзу сызықтың бойымен бағытталады; сонда магниттің солтүстікке қарай бағытталған ұшы солтүстік полюсі, ал оңтүстікке қарай бағытталғаны – оңтүстік полюсі деп аталған. Магниттелушілігі электр тогымен жүзеге асырылатын электрмагниттер кеңінен қолданылады. Магниттер техникада автономды тұрақты магнит ретінде қолдау тапқан.

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде магниттік миналар көптеген жүк кемелерінің опат болуына себеп болған. Кемелер көп жүретін теңіз жолдарына көптеп қойылған миналар күшті магниттермен жарақталған болған, сол себепті олар кемелердің металл корпусына тартылып кемелерді жаратын болған. Магниттік миналарға тосқауыл жасау мақсатында кемелердің магнит өрісін кеміту үшін электр кабельдері пайдаланылған.

МАГНИТДИНАМИКА – магнетизмнің магниттік өрістердегі өзгерістер кезіндегі магниттелу үрдістерін зерттейтін бөлімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *