МАГНЕТИК

МАГНЕТИК – заттардың магниттік қасиеттерін қарастырған кезде бүкіл заттарға қолданылатын ғылыми атау (термин). Магнетиктердің әртүрлілігі заттарды құраушы микробөлшектердің магниттік қасиеттерінің өзгешеліктеріне, сондай-ақ олардың арасындағы өзараәсерлесудің сипатына байланысты. Магнетик шамалары бойынша және олардың магниттік алғырлығының (ߵ ;ߵ < 0 заттар диамагнетиктер, ал ߵ > 0 – парамагнетиктер, ߵ >> 1 – ферромагнетиктер деп аталған) таңбалары бойынша топталған. Магнетиктерді физикалық тұрғыдан терең топтау магниттік моменті болатын микробөлшектердің табиғатын, олардың өзараәсерлесуін, заттардың атомдық магнетиктерге ықпалын қарастыруға негізделген.

МАГНЕТ-КЕДЕРГІ, магнит-резистивтік эффект – магниттік өрістегі

(Н) өткізгіштің меншікті кедергісінің (ρ) өріс жоқ кездегі меншікті кедергісіне (ρо) қатысты өзгеруі.Бұл кедергі көлденең және бойлық магнет-кедергілер болып бөлінеді. Электр тогы көлденең магнет-кедергіде магнит өрісіне перпендикуляр, ал бойлық магнет-кедергіде магнит өрісіне параллел бағытталады. Магнет-кедергі магнит өрісіндегі ток тасушы бөлшектер траекторияларының қисықталуы салдарынан пайда болады. Көлденең магнет-кедергі ∆ρ ⊥  ρ0=(ρ  – ρ0)/ρ0, ал бойлық магнет-кедергі ∆ρ11/ ρ0 = (ρ11 – ρ0)/ρ0.

МАГНЕТОН – атомдық және ядролық физикада, қатты денелер физикасында, қарапайым бөлшектерде т.б. қабылданған магниттік моменттің бірлігі. Атомдық жүйелердің негізінен орбиталық қозғалысының және электрондардың спинінің

е԰                 –21 эрг/Гс , болуы себепті Бор магнетондарымен өлшенеді: µБ = ʹ݉ܿ  ≈ 9,274∙10

(эрг/Гаусс) (мұндағы е – электр зарядының абсолют шамасы, m – электронның массасы, ℏ – Планк тұрақтысы, c – жарық жылдамдығы). Ядролық физикада магниттік момент ядролық магнетондармен өлшенеді, Бор магнетонынан

(µБ) айырмашылығы электронның массасы (m) протон массасы (М ) ауыстырылған: е԰

µя = ʹܯܿ  ≈5,051∙10–24 эрг / Гс, (эрг/Гаусс).

Бор магнетоны – атомдық жүйенің магниттік моментінің бірлігі.

Ядролық магнетон – ядролық физикада магниттік моменттің бірлігі.

МАГНЕТРОН [грекше «магнетис – магнит» + (элек)трон] – магнит өрісінде қоздырылған электрмагниттік өрісті қисық сызықты траектория бойынша магнит өрісінде қозғалатын электрондардың өзараәсерлесуіне негізделген аса жоғары жиілікті электрмагниттік тербелістер тудыруға арналған көп резонаторлы аспап. Цилиндрдің ішкі бетіне қарай шығатын саңылаулары бар ішкі бөлігінде көлемдік резонатор ойылған массалы (ауыр) қуыс цилиндр – магнетронның аноды (сызба, а). Цилиндрдің өсі бойынша катод орналасқан. Бағытталған магнит өрісінің (Н) әсерінен катодтан ұшып шығатын электрондардың траекториялары қисықталатын болады. Резонаторларда тербелістер қоздырылғанда, саңылаулар маңында айнымалы электр өрісі пайда болады. Өрістің аса жоғары жиілікті және тоғысқан статикалық электр және магнит өрістерінің әсерінен катодтан ұшып шыққан электрондар ұйысатын болады («шабақтар», сызба, б). Ұйысқан электрондар тежеуіштік аса жоғары жиілікті өріспен өзараәсерлескен кезінде өріске потенциалдық энергиясын беріп, анодқа қарай жақындайды. Олар электрмагниттік энергиясын өріске түгелдей беріп анодқа құлап түседі, бұл

жайт пайдалы әсер коэффициентін жоғарылатады (90%-ға дейін). Резонаторлары алшақ орналасқан күшейткіш магнетрондар – амплитрондар да бар. Магнетрон электрмагниттік толқындардың миллиметрлік диапазондарына дейінгі тербелістерді тудыра алады әрі мың кВт-қа дейінгі қуат (импульстік режимде) бере алады. «Магнетрон» атауын 1921 ж. американ физигі А.Халл енгізген.

МАГНЕТЭЛЕКТРЛІК ЭФФЕКТ – кристалдарды электр өрісіне (Е) орналастырған кезде оларда магниттелушіліктің (Ј) пайда болуы. (Ј = αЕ) мұндағы α – кристалдың табиғатына байланысты коэффициент). Магнетэлектрлік эффект тек магниттік реттелген кристалдарда (антиферро-, ферри-және ферро-магнетиктерде) ғана пайда болуы мүмкін. Магнетэлектрлік эффектінің болатындығын алғаш рет 1957 жылы кеңес физиктері Лев Ландау (1908–1968) мен Евгений Лифшиц (1915– 1985) болжаған. Оны 1960 жылы ғылыми тәжірибеде жүзінде Д.Н.Астров ашты. Магнетэлектрлік эффектінің шамасы аз болады. Магнит өрісінде (Н) орналасқан кристалда магнетэлектрлік эффектіге кері эффект – электрлік полярлану (Р) пайда болатын (Р= αН ) эффекті де байқалады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *