ЛОШМИДТ ТҰРАҚТЫСЫ

ЛОШМИДТ ТҰРАҚТЫСЫ, Лошмидт саны – қалыпты жағдайлар кезіндегі идеал газ күйіндегі заттың 1 см3 (1 текше см) көлемдегі молекулалар саны. Лошмидт тұрақтысы NΛ = NА/Vm, мұндағы NААвогадро тұрақтысы, Vm – қалыпты жағдайлардағы 1 моль идеал газдың көлемі, ол (22413,83 ± 0,70) см3-ге тең. Австриялық физик Иоганн Лошмидтің (1821 – 1895) құрметіне атал- ған. Іс жүзінде қолданбалық есептеулерде NΛ = 2,68·1019 см-3. Шетел әдебиетте- рінде Лошмид тұрақтысы деп кейде 1 моль заттағы молекула саны айтыла- ды, яғни Авогадро тұрақтысы Лошмид саны деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *