ЛОКАЛДАУ [ (латынша «локилис — жергілікті») – белгілі бір орынға тән ету, әсер аймағын шектеу, кез келген құбылысты немесе үрдісті (процесті) тарату (мысалы, өртті локалдау – өртті сөндіру) ].
ЛОКАЛДЫ ӨЗАРАӘСЕРЛЕСУ – бір өрістің (υ) кеңістіктік – уақыттың х нүктесіндегі тәртібін әлгі нүктенің өзге өрісінің (и) (оның туындысының шекті санымен) мәнімен анықталуы кезіндегі өрістер арасындағы өзараәсерлесу. Локалды өзараәсерлесудің мысалына х нүктесіндегі электронның тәртібі әлгі нүктедегі электрмагниттік өрістің потенциалымен анықталатын электрдинами- каны жатқызуға болады.
ЛОКАТОР (латынша «локаре – кедергі келтіру, орналастыру») – оптикалық, дыбыстық немесе радио арқылы нысанның орнын анықтауды жүзеге асыратын құрылғы.
ЛОКАЦИЯ (латынша «локацио – орналастыру», «локус – орын»), дыбыстық – нысан (объект) тудыратын дыбыстық өріс (пассивті локация) немесе арнайы құрылғы тудыратын (активті локация) нысаннан шағылысқан дыбыс бойынша нысан орналасқан бағытты және оған дейінгі ара қашықтықты анықтау.