ЛЕПТОНДАР

 

ЛЕПТОНДАР (грекше «лептос – жұқа, жеңіл») – күшті өзараәсерлесу тән болмайтын қарапайым бөлшектер тобы. Бұл бөлшектер тек электрмагниттік, әлсіз және гравитациялық өзара әсерлесулерге ғана қатысады. Лептондарға электрон, мюон, 1975 жылы ашылған ауыр лептондар және электрондық, мюон- дық нейтрино, сондай-ақ олардың антибөлшектері жатады. Барлық лептондар- дың спині 1/2-ге тең, яғни олар фермиондар болып табылады. 1975 жылға дейін белгілі болған лептондардың массалары өзге қарапайым бөлшектердің (тек фотондардан өзгелерінің) массаларынан кіші болған. Лептондар зарядталған (электрон, мюон (μ), τ-лептон) және бейтарап (нейтрино) лептондарға ажыратылған. Бейта- рап лептондар тек әлсіз өзараәсерлесуге ғана қатысады.

ЛЕПТОНДЫҚ ЗАРЯД, лептондық сан (L) – лептондарды сипаттайтын ерекше кванттық сан. Лептондар саны мен олардың антибөлшектерінің сандарының айырымы барлық үрдістер (процестер) кезінде тұрақты болатыны анықталған. Мысалы, электрондық қармау үрдісінде протонның электронды жұтуы электрондық нейтриноның ұшып шығуымен қабаттас өтеді е + рn + νе, ал теріс мюонды жұту – мюондық нейтриноның ұшып шығуымен қабаттасады μ + р →n + νμ; нейтронның бета-ыдырау үрдісі кезінде электронмен бірге электрондық антинейтрино туады, т.б. Осы заңдылық лептондарда ерекше «заряд» – лептондық заряд болады деп түсіндіруге болады. Әдетте е, ve үшін Lе= +1, е+, ve үшін Le= –1; μ, vμ үшін Lμ=+1, μ+, vμ Lμ үшін = –1; μ, vμ үшін Lμ =+1, μ+ vμ үшін Lμ =1; τ, vτ үшін Lμ =+1, τ+, vτ үшін Lτ = -1. Бұлардан басқа барлық қарапайым бөлшектер үшін L = 0. Бөлшектер жүйесінің лептондық заряды – жүйе құрамындағы бөлшектердің лептондық зарядтарының алгебралық қосын- дысына тең. Сондықтан лептондар сандарының сақталу заңы лептондық зарядтардың сақталу заңына ұласады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *