ЛЕНЦ ЕРЕЖЕСІ

 ЛЕНЦ ЕРЕЖЕСІ – электрмагниттік индукцияның нәтижесінде пайда бола- тын индукциялық токтардың бағытын анықтайды; энергияның сақталу заңының салдары болып табылады. Қозғалмайтын контурдағы индукциялық ток оның өзі тудырған магниттік индукциялық ағын контуры шектеген бет арқылы берілген ток тудыратын ағынның өзгерісіне бөгет (кедергі) болуға ұмтылатын бағыт бойынша бағытталады. Өткізгіштің тұрақты магнит өрісінде қозғалыс кезінде онда пайда болатын индукциялық ток магнит өрісінің механикалық күш- тері өткізгіштің қозғалысына бөгет болатын бағыт бойынша бағытталады. Контурдағы индукциялық токтың бағытын анықтауға арналған осы ережені 1833 жылы орыс физигі Эмилий Ленц (1804 – 1865) тұжырымдаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *