ЛАМБЕРТ

ЛАМБЕРТ (Лб) – жарықтылықтың жүйеден тыс бірлігі. Ол негізінен АҚШта қолданылады. 1 Лб = 3,18·103 кд/м2 = 0,318 стильб = 104 апостильб. Неміс физигі, астрономы әрі математигі Иоганн Ламберттің (1728–1777) құрметіне аталған.

ЛАМБЕРТ ЗАҢЫ – жарықты шашырататын (диффузиялық) беттің (ΔS) жарықтылығы (L) бүкіл бағытта бірдей болатындығы туралы заң. Бұл заңды 1760 ж. неміс ғалымы Иоганн Ламберт (1728 – 1777) тұжырымдаған. Бұл заңның анықтамасынан жарық шамаларының жарқырауы (М) және жарықтылықтың (L) арасында мынадай қарапайым қатынас шығады: М =πL; жазық беттің оның өзіне перпендикуляр (Іо) бағыттағы шашыратқыш беттің θ(Іо) бұрыш жасай орналасқан беттердің арасындағы жарық күші: Іө = Іо·cos θ-ға тең. Осы соңғы өрнектен әлгіндей беттің жарық күші бетке перпендикуляр бағытта максимал, ал θ бұрыш артқан сайын кемитін, бетке жанама бағытта нөлге тең болады.

Шындығында тек аздаған нақты денелердің шашырататын жарығы сәл ғана ауытқуымен Ламберт заңына бағынады. Мұндай беттерге магний тотығы, күкіртқышқыл барийлі, гипс жалатылған беттер жатады; бұлдыр орталардан – ағартылған әйнек, кейбір бұлттар типі; өздігінен жарқырауық сәуле шығарғыштардан – абсолют қара дене, ұнтақ тәрізді люминофорлар жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *