ЛАЗЕРЛІК СӘУЛЕ

ЛАЗЕРЛІК СӘУЛЕ – лазер шығаратын (тарататын) негізінен оптикалық диапазондағы толқын ұзындықты электрмагниттік сәуле; өзгедей жарық көзінен таралатын сәулелерден айырмашылығы жоғары дәрежелі когерентті, шоғының шашыраңқылығы аз, спектрлік жарықтылығы жоғары және монохроматты сәуле. Белгілі бір жағдайда лазер сәулесінен жалғыз ғана спектрлік құраушысын ажыратып алуға (бір ғана жиілікті генерациялық режимді жүзеге асыру) болады. Жалғыз жиілікті режимдегі лазерлік сәуленің спектрлік сызықтарының ені атомдардың өздігінен сәуле шығаруындағыдан әлдеқайда кіші болады.

Лазерлік сәуленің когеренттілігінің ұзындығы бірнеше мың км-ге жетеді, когеренттілік уақыты – секундтық үлестерінен аз; квазимонохратты сәуленің табиғи көздері үшін әлгі шамаларға ұқсас шамалардан 109 есе кем болады.

Лазерлік сәулелерді оптикалық жүйелер арқылы өте шағын өлшемді ауданға фокустау (тоғыстыру) мүмкін болады: Осының нәтижесінде қуаттың тығыздығы үлкен мәнге ие болады: үздіксіз әсерлі лазерлік сәулелерде 106 Вт/см2-қа, импульстік режимде – 1015 Вт/см-қа дейін артады. Лазерлік сәуленің локалдік әсері электрондық есептеуіш машиналардың оптикалық осындай қуатты сәулемен металдарды балқытуға және буландыруға болады. Қысқа импульсті лазерлік сәулелермен қатты және газтәрізді орталарға әсер ету арқылы оларды иондандыруға, заттар бетінен электрондар эмиссиясын тудыруға, плазманың пайда болуына, қуатты жарқыл – лазерлік ұшқын шығаруды жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Лазерлік сәулелердің когеренттілігі мен монохроматтығы лазерлік интерферометрлерде, лазерлік спектрскопияда, оптикалық байланыс жүйелерінде пайдаланылған. Қысқа және асақысқа лазерлік импульстер (ұзақтығы 10–14 секундқа тең) оптикалық локацияда және жарықпен қашықтық анықтауыштарда, өте шапшаң өтетін үрдістерді зерттеу кезінде, т.б. кеңінен қолдау тапқан.

Лазерлік сәулелердің резонанстық әсерлері изотоптарды ажыратудың; араласқұралас және резонанстық шашыратудың, деполярландырудың, аса таза заттар алудың, т.б. негізіне алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *