ЛАЗЕРЛІК СПЕКТРСКОПИЯ (латынша «спектрум – көрінетін» + грекше «скопия – қараймын») – оптикалық спектрскопияның әдістері лазерлік сәулені пайдалануға негізделген саласы. Лазерлердің монохроматты сәулелерін қолдану атомдар мен молекулалардың белгілі энергия деңгейлері арасындағы кванттық ауысуларды қолдануға жағдай жасауға мүмкіндік береді (лазерлік емес жарық көзін пайдаланушы спектрскопияда атомдар мен молекулалардың аса көп санды кванттық күйлерінің ауысулары нәтижесінде пайда болатын спектрлерді зерттейді). Жиілікті қайта құратын лазерлердің пайда болуымен лазерлік спектрскопияда жаңа принципті мүмкіндікке ие болды. Жиілігін қайта құра алатын лазерлердің жоғары монохроматтылықты сәуле шығаруы заттардың шын формасының спектрлік сызықтарын бұрмаламай өлшеуге мүмкіндік жасады. Осы жайт инфрақызыл сәуле аймағындағы газдар спектрскопиясы үшін ерекше маңызды.
Лазерлік сәулелердің сызықтық емес лазерлік спектрскопиялық әдістерінің негізіне жатқан уақыттық және кеңістіктік когеренттілік газдағы бөлшектердің жылулық қозғалысы тудырған әдеттегі доплерлік тарылтылумен жасырылған спектрлік сызықтардың құрылымын зерттеуге мүмкіндік береді.
Лазерлік сәуленің жоғары монохроматтылығы мен когеренттілігі негізгі күйдегі бөлшектердің көпшілігін қоздырылған күйге ауыстырады. Осы жайт 1 см3 заттағы атомдар мен молекулаларды тіркеу сезгіштігін арттырады. 102 атомдардағы немесе 1010 молекулалардағы қоспаларды тіркеуге мүмкін болады.