КҮШ – материалдық нүктеге немесе денеге өзге денелер немесе өрістер тарапынан әсер ететін механикалық ықпалдың өлшеуіші.
Ампер күші – электр тогы өтіп тұрған өткізгішке магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш.
Ауырлық күш – дененің Жер мен гравитациялық өзараәсерлесу күші мен Жердің өз осінен айналуынан туатын инерциялық орталықтың тепкіш күште- рінің теңәсерлі күші.
Беттік күш – дененің бетіне түсірілген күш.
Бөгде күш – өткізгіштердегі заряд тасушыларға әсер етуші, электрлік емес табиғатты күш.
Дыбыс күші – акустикалық толқынның таралу бағытына перпендикуляр ша- ғын аудан арқылы тасымалданатын қуаттың осы ауданға қатынасы.
Жалпыланған күш – механикалық жүйенің орналасқан орны жалпылама координаттармен анықталатын әдеттегі күш.
Жарық күші – жарық көзінен шығып, қарапайым денелік бұрыш ішімен берілген бағыт бойынша таралатын жарық ағынының осы денелік бұрыштың шамасына қатынасы.
Инерция күші – 1. Ньютонның екінші заңының формуласының инерциялы емес санақ жүйесінде де тура болуына қажетті инерциялық емес санақ жүйесінің қозғалысына байланысты инерциялық санақ жүйесіне қатысты әлгі формулаға ендірілетін қосымша мүше. 2. Даламбер принципін пайдалану кезінде күштердің бірі ретінде қолданылатын, минус таңбамен алынған үдеудің материалдық нүкте- нің массасына көбейтіндісі.
Квазисерпімді күш – нүктенің тепе-теңдік жағдайдан ауытқуына пропор- ционал болатын әрі қарама-қарсы бағытта әсер ететін күш.
Консервативтік күш – күш түсірілген нүктенің бастапқы қалпынан соңғы қалпына ауысуы кезінде істелетін жұмыстың жолға тәуелсіз болатын күші.
Кориолистік күш – инерциялық жүйеге қатысты ілгерілемелі емес қозға- латын, инерциялы емес санақ жүйесіндегі материалдық нүктеге әсер ететін және кориолистік үдеуге байланысты болатын инерциялық күш.
Коэрцитивтік күш – алғашында қаныққанға дейін магниттелген ферромаг- ниттік үлгінің толықтай магнитсізденуі кезіндегі магнит өрісінің кернеулігі.
Көлемдік күш – бөлшектерге әсер етуші күштердің осы бөлшектердің массаларына пропорционал әрі бірдей бағыттарда болатын шарттар кезіндегі дене бөлшектеріне түсірілетін теңәсерлі күш.
Көтергіш күш – дененің жылдамдығына перпендикуляр бағытталған, газда немесе сұйықта қозғалатын денеге қысым түсіретін толық күштің бір құраушысы.
Линзаның оптикалық күші – линзаның фокустық қашықтығына кері шама.
Лоренец күші – 1. Қозғалыстағы электр зарядына магнит өрісі тарапынан әсер ететін күш. 2. Қозғалыстағы электр зарядына электрмагниттік өріс тарапынан әсер ететін күш.
Магниттікқозғаушы күш – магниттелген катушкадан өтетін электр тогы күшінің катушканың орам санына көбейтіндісі.
Магнус күші – денені орап ағатын сұйықтың немесе газдың ағынында айналатын денеге ағынға және айналу өсіне перпендикуляр бағытта әсер ететін күші.
Мәжбүрлеуші күш – жүйенің еріксіз тербелістерін тудыратын периодты өзгермелі күш.
Нормал қысым күші – жанасушы беттерге нормал (тік) бойынша бағыттал- ған берілген денемен жанасушы өзге дене тарапынан әсер ететін күштің құраушысы.
Орталыққатартқыш күш – нүктеге әсер етуші бүкіл күштердің нүкте траекториясының қисықтығының ортасына бағытталған құраушысы.
Орталықтантепкіш күш – 1. Орталыққатартқыш ауыспалы үдеу себеп бо- латын инерциялық санақ жүйесіне қатысты айналатын санақ жүйесіндегі материалдық нүктеге әсер ететін инерциялық күш. 2. Нүкте қозғалысының траекториясына бас нормал бойымен бағытталған, Даламбер принципі қолда- нылған жағдайдағы инерциялық күштің құраушысы. 3. Материалдық нүктенің айналмалы қозғалыс кезіндегі байланысқа әсер ететін күші.
Реактивтік күш – уақыттың өтуі салдарынан дене массасының өзгеруі кезінде пайда болатын күш.
Термоэлектрқозғаушы күш – жанаспаларының (жапсарларының) арасын- дағы температуралары әрқалай, әртекті өзкізгіштерден құралған электр тізбе- гінде пайда болатын электрқозғаушы күш.
Ток күші – белгілі бір уақыт аралығында өзкізгіштің көлденең қимасы арқылы тасымалданатын электр зарядының осы уақыт аралығына қатынасы.
Сырғанау үйкелісінің күші – егер берілген денеге онымен жанасатын өзге дене тарапынан жанасушы бетке жанасу бағыты бойынша әсер ететін күштің бір құраушысы.
Теңселу үйкелісінің күші – жазық немесе иілген бет бойынша сырғанаусыз сырғитын цилиндр немесе шартәрізді денеге әсер ететін үйкеліс күші.
Тыныштық үйкеліс күші – толық емес үйкеліс күшінің максимал мәні.
Үйкеліс күші – жанасушы денелердің, сұйықтар немесе газ қабаттарының салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі келтіретін күш.
Фотоэлектрқозғаушы күш – жартылайөткізгішке электрмагниттік сәуле жұтылған кезде осы жартылайөткізгіште пайда болатын электрқозғаушы күш.
Электрқозғаушы күш (ЭҚК) – зарядтың тұйық контурмен қозғалысы ке- зінде бөгде күштер тарапынан істелген жұмыстың әлгі заряд шамасына қатынасымен анықталатын ток көзінің сипаттамасы.
Бөгде күштер – өткізгіштердегі заряд тасушыларға әсер ететін электр статистикалық табиғатты емес күштер.
Ван-дер-вальс күштері – нақты газдардың молекулаларының арасында әсер ететін тартылыс күштері.
Соққы күштері – денелердің соқтығысулары кезіндегі деформациялану үрдісі (процесі) кезінде пайда болатын күштер.
Серпімді күштер – 1. Деформацияланатын денеде пайда болатын ішкі күш- тер. 2. Серпімді деформацияға ұшыраған дене тарапынан онымен жанасушы денеге сырттай әсер ететін күштер.
Ядролық күштер – атом ядроларындағы нуклондарды байланыстыратын күштер.