КҮШ ӨРІСІ

КҮШ ӨРІСІ – кеңістіктің (шектеулі немесе шектеусіз) әрбір нүктесіне орналасқан материалдық бөлшекке шамасы мен бағыты әлгі нүктенің координаттарына (х, у, z), немесе координаттар мен уақытқа (t) тәуелді болатын күш әсер ететін бөлігі. Алғашқы жағдайда күш өрісі – тұрақты күш өрісі, ал екінші жағдайда – тұрақсыз күш өрісі деп аталған. Егер де күш өрісінің бүкіл нүктелерінде ортақ бір мәнге ие болса, яғни координаттарға тәуелді болмаса, онда күш өрісі – біртекті өріс деп аталады.

Күш өрісінде қозғалатын материалдық нүктеге әсер ететін өріс күшінің жұмысы тек бөлшектің бастапқы және соңғы қалпына ғана тәуелді және оның траекториясының түріне тәуелсіз болатын күш өрісі – потенциалдық күш өрісі деп аталады. Күш өрісінің мысалдары: тартылыс өрісі, электрмагниттік өріс, т.б

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *